Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
8-бап. Көрсетілетін қызметтер мен операциялардың кейбір
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
түрлеріне байланысты ұғымдар
Көрсетілетін қызметтер мен операциялардың кейбір түрлеріне байланысты ұғымдар:
1) ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер – ақпаратты жинауды жүзеге асыру және қорыту, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйеге келтіру және (немесе) ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру бойынша көрсетілетін қызметтер, оның ішінде рейтингтік көрсетілетін қызметтер.
Бұл ретте рейтингтік көрсетілетін қызметтер деп белгілі бір объектінің немесе құбылыстың маңыздылығының немесе мәнділігінің сандық немесе реттік көрсеткішін көрсететін талдау мен бағалаудың көрсетілетін қызметтері түсініледі;
2) дизайнерлік көрсетілетін қызметтер – көркемдік нысандарды, бұйымдардың сыртқы түрін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлардың интерьерлерін жобалау бойынша көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;
3) инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – инженерлік-консультациялық көрсетілетін қызметтер, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу;
4) интернет-алаң – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі мен Интернет арқылы тауарлар сатуға, қызметтер көрсетуге, қызметтер көрсету туралы ұсыныстарға, оның ішінде интернет-дүкенге және (немесе) сауда алаңына қолжетімділік беру арқылы өзге тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді сату және көрсету, тапсырысты ресімдеу және төлем жасау үшін мүмкіндік беру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге арналған интернет-дүкен және (немесе) сауда алаңы;
5) консультациялық көрсетілетін қызметтер – басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында адамның проблемаларын және (немесе) мүмкіндіктерін айқындауды және (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және консультациялардың өзге де нысандарын ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтер;
6) маркетингтік көрсетілетін қызмет – мыналарға:
үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өндірісі және (немесе) айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжауға;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді немесе брендті ілгерілетуге, нысаналы аудиторияны тартуға, сатуды арттыруға, сату саласында белгіленген көрсеткіштерге және (немесе) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мен шешімдер кешеніне байланысты кез келген өтеулі көрсетілетін қызмет;
7) өткізу:
сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп-жөнелту және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
лизинг шарты бойынша мүлікті беру;
борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру;
8) тауарлардың электрондық саудасы – интернет-алаң арқылы жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
9) тауарлар импорты – тауарларды:
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, ЕАЭО-ның кедендік аумағына;
ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
10) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер – интернет-алаң арқылы көрсетілетін қызметтер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-8/