Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
70-бап. Қатысу үлесі және акциялар түріндегі мүлікті сенімгерлік
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 43. Особенности налогового учета доверительного
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 44. Особенности налогового учета по корпоративному и
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 45. Особенности налогового учета по корпоративному и
· толық сәйкестік кестесі
басқару кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары
бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін:
сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түріндегі, сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, мүлікті сенімгерлік басқару шарты, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акт немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайлар және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;
қатысу үлестерін және акцияларды сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады.
Мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайда көзделген, сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын сыйақы сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады.
Сенімгерлік басқарушының қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқарудың кірісіне мыналар қосылады:
мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы;
сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайда және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындар сомасы.
Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайда және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқару шығындары салықтық есепке алу мақсаттары үшін осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады.
Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түріндегі сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар, шығыстар ретінде есепке алынбайды.
2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы осы Кодексте айқындалған тәртіппен корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
3. Сенімгерлік басқарушы қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде айқындалған тәртіппен қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары және мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-70/