Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
71-бап. Қатысу үлесі мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
басқаруды құру туралы актілер бойынша корпоративтік және
жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу
ерекшеліктері
1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін:
қатысу үлесі мен акциялардан басқа, сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша, бейрезидент-сенімгерлік басқарушы жұмсаған, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акт және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) шығындар сомасына азайтылған кіріс сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;
мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін мұндай мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады;
мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген, сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын сыйақы сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады.
Қатысу үлесі мен акциялардан басқа, сенімгерлік басқарушының мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін кірісіне мыналар қосылады:
мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы;
сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындар сомасы.
Қатысу үлесі мен акциялардан басқа, сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген мүлікті сенімгерлік басқару шығындары осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады.
Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар ретінде есепке алынбайды.
2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы қатарына осындай құрылтайшы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудан түсетін кіріс пен сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
3. Сенімгерлік басқарушы қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары мен мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-71/