НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

705-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

алған кірістерін салық салудан толық босату бөлігінде халықаралық шартты қолдану тәртiбі
1. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі мынадай:
1) осы Кодекстің 706, 707, 712, 713 және 714-баптарына сәйкес оларға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолданудың өзге тәртібі көзделген;
2) осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес оларға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолданудың өзге тәртібі көзделген, осы Кодекстің 687-бабында айқындалған;
3) осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес оларға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолданудың өзге тәртібі көзделген, филиал, өкілдік ашпай, бейрезиденттің тіркелген құрылымдық бөлімшесі және (немесе) тұрақты мекемесі болған кезде қызметтер көрсетуден және (немесе) жұмыстар орындаудан;
4) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін бір жоба және (немесе) байланысты жобалар шеңберінде қызметтер көрсетуден және (немесе) жұмыстар орындаудан түсетін кірістерді қоспағанда, бейрезиденттің осы Кодекстің 679-бабында көзделген кірістеріне қолданылады. Жобалардың байланысын салық агенті осы Кодекстің 228-бабына сәйкес өзі дербес айқындайды.
2. Салық агенті бейрезидентке кірісті төлеу немесе бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) бейрезиденттің резиденттік мемлекетімен халықаралық шарт жасасқанда және ратификацияланғанда;
2) осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылғанда, салық салудан босатуды өзі дербес қолдануға құқылы. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне бірінші болып басталатын мынадай күндердің бірінен:
1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, корпоративтік табыс салығына арналған салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан;
2) төлем көзінен салықтық кезең үшін ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі бойынша салықтық тексеру аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
4. Егер бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетсе және (немесе) жұмыстар орындаса, осындай бейрезидент резиденттікті растайтын құжатпен бірге салық агентіне мынадай құжаттардың бірін:
1) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
2) сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) үзінді көшірмені немесе бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатты ұсынады. Бейрезидентте осы тармақта көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, осындай бейрезидент салық агентіне мына құжаттардың бірін:
1) бейрезидентті құруға негiз болған, осындай бейрезидент тіркелген құжатты (актіні);
2) қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары құрылған мемлекеттердің (аумақтардың) атауларын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлерін көрсете отырып, ұйымдық құрылымын көрсететін өзге де құжатты ұсынады.
6. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету және (немесе) жұмыстар орындау бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жүзеге асырылса, онда осындай шарттың қатысушысы болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар мынадай құжаттардың бірін:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) оның бірлескен қызметтегі қатысу үлесін растайтын өзге де құжатты ұсынады. Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаса, салық агенті бейрезидент-заңды тұлғаның бірлескен қызметке қатысу үлесін растайтын құжатта көрсетілген оның бірлескен қызметке қатысу үлесіне пропорционалды кірісіне халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
7. Салық агенті тұрған жеріндегі салық органына төртінші тоқсан үшін салықтық есептілікті ұсынуға белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Салық агенті ұсынатын салықтық есептілікте мыналар көрсетіледі:
1) бейрезидентке есептелген (төленген) және ұсталған, салықтарды ұстап қалудан босатылған кірістердің сомалары;
2) Қазақстан Республикасында салық салуға жатпайтын кірістердің сомалары;
3) халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидентке төленетін кез келген төлемдердің сомалары;
4) табыс салығының мөлшерлемелері және халықаралық шарттардың атаулары.
8. Салық агенті халықаралық шарт ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті табыс салығын төлем көзінен ұстап қалуға және аударуға міндетті.
9. Бюджетке аударуға жататын салықтардың ұсталған сомаларын аудармауға немесе толық аудармауға алып келген халықаралық шарт ережелерінің құқыққа сыйымсыз қолданылуы кезінде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-705/