Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
711-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 665. Метод непосредственного (прямого) отнесения
· толық сәйкестік кестесі
1. Бейрезидент-заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығыстарын (Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады.
2. Егер бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында тікелей жұмсалса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады.
3. Мыналар:
1) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында шеккен, бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
2) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде шеккен, бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
3) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде де шеккен, бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салықтық тіркелімдер растау құжаттары болып табылады.
Салықтық тіркелімнің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі;
4) бейрезидент-заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және осындай бейрезидент-заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі растау құжаттары болып табылады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте бейрезидент-заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетілуге тиіс;
5) бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай қаржылық есептіліктің аудиті жүзеге асырылған кезде) растау құжаттары болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-711/