НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

710-бап. Жекелеген жағдайларда шығыстарды пропорционалды

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

бөлу әдісін қолдану кезінде бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректерін түзету тәртібі
1. Бейрезидент-заңды тұлға тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға жататын, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын қаржылық есептілік деректерін мынадай жағдайларда: Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық кезеңдердің ұзақтығына сәйкес болмаған; көрсетілген салықтық кезеңдердің тең ұзақтығы кезінде Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық кезеңдердің басталу және аяқталу күндері сәйкес болмаған жағдайларда түзетуге міндетті. Бейрезиденттің қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол мұндай бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезеңді Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңмен сәйкес келтіреді.
2. Коэффициент (К) Қазақстан Республикасындағы салықтық кезең шеңберіне кіретін, мұндай бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезеңнің айлары санының бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезең айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады. Егер Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге екі салықтық кезең толық немесе ішінара кіретін болса, мұндай бейрезиденттің резиденттік елінде екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.
3. Бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі: К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2, мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3, бұл ретте: СК (РЕ)1 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі бір салықтық кезең айларының саны; СК (РЕ)2 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі басқа салықтық кезең айларының саны; СК (РЕ)3 – бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезең айларының жалпы саны; ҚЕ (РЕ)1 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі бір салықтық кезең үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі; ҚЕ (РЕ)2 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі басқа салықтық кезең үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-710/