НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

713-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісін салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылса және осындай халықаралық шартта бейрезиденттің таза кірісіне салық салудың осы Кодекстің 689-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, оның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісіне халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар. Төмендетілген салық мөлшерлемесін бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну күніне оның резиденттігін растайтын құжат болған кезде қолданылады. Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме тұрған жердегі салық органына ұсынады.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны ұсынған күнге бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат болмаған кезде бейрезидент халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы есептелген және бюджетке төленген жағдайда бейрезиденттің талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, салық органына корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша декларация мен бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-713/