НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

714-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық агенттері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент-жеке тұлға кірісті түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылса, бейрезидент-жеке тұлғаның халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуды қолдануға құқығы бар. Халықаралық шарт салық салудан босату бөлігінде бейрезидентте жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынған күнге оның резиденттігін растайтын құжат болған кезде қолданылады. Бейрезидент-жеке тұлға резиденттікті растайтын құжатты жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны берген кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына ұсынады.
2. Бейрезидент-жеке тұлға жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну күнінде резиденттікті растайтын құжаты болмаған кезде осы Кодекстің 695-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке жеке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарында айқындалған тәртіппен төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-714/