НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

734-бап. Салықтық преференцияларды қолданатын арнайы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

экономикалық аймақтарға қатысушылар
1. Осы Кодекстің және салықтық преференциялардың қолданылу мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін заңды тұлға болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылады;
2) тұрған жеріндегі арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағы құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде салық төлеуші ретінде тіркелген;
3) арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылым және объектілер болған кезде, өкілдіктерді қоспағанда, заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағы шегінен тысқары жерден филиалдарға және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге ие болуға құқылы емес;
4) арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрін жүзеге асырады. Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады. Осы тармақтың ережелері осы баптың 2-тармағында аталған тұлғаларға қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің және салықтық преференциялардың қолданылу мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер деп бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын;
2) шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағы құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде тұрған жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген;
3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;
4) шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін, қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын тұлға танылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға және дара кәсіпкерлерге:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) осы Кодекстің 536-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер мен дара кәсіпкерлер;
4) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған), инвестициялар туралы келісім, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім, пайдалы қатты қазбаларды өңдеу туралы келісім жасасқан ұйымдар;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
6) «Астана Хаб» қатысушылары;
7) АХҚО қатысушылары жатпайды. Бұл ретте шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысты өтініш берушілерге шетелдік жеке және заңды тұлғалар да жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-734/