НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

738-бап. «Астана Хаб» қатысушыларына салық салу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Осы Кодекстің 17-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін «Астана Хаб» қатысушылары мынадай салықтық преференцияларды қолданады:
1) осы тараудың 1-параграфында белгіленген тәртіппен, есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
2) осы Кодекстің 474-бабының 33) тармақшасына сәйкес «Астана Хаб» қатысушылары өндіретін және өткізетін тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату;
3) осы Кодекстің 474-бабының 34) тармақшасына сәйкес «Астана Хаб» қатысушылары өткізетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату;
4) осы Кодекстің 479-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әкелінген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату;
5) «Астана Хаб» қатысушысы-жұмыскерлердің кірістерін осы Кодекстің 556-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әлеуметтік салық салу объектісінен алып тастау.
2. «Астана Хаб» қатысушыларында есептеу, ұстау және төлеу міндеттемелері туындайтын, бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерінен корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және ұстау ерекшеліктері осы Кодекстің 15-бөлімінде көзделген.
3. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын «Астана Хаб» қатысушысы сатып алған, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер осы Кодекстің 454-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.
4. Жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын есептеу кезінде «Астана Хаб» қатысушылары болып табылатын жұмыскерлердің кірістеріне осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасына сәйкес азайту қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-738/