Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
739-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 712-4. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
1. «Астана Хаб» қатысушылары корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге тиісті сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын:
1) зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кірістер бойынша – осы Кодекстің 740-бабында айқындалған тәртіппен;
2) ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша – осы Кодекстің 741-бабында белгіленген тәртіппен;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген кірістер бойынша – есептелген корпоративтік табыс салығы сомасында 100 пайызға азайтады.
2. Осы тараудың мақсаттарында зияткерлік меншік объектілері деп «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ «Астана Хаб» қатысушылары үшін көзделген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі түсініледі.
3. «Астана Хаб» қатысушыларының қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы кезінде зияткерлік меншік объектісі бойынша залалды есепке алу тәртібі осы Кодекстің 343-бабында белгіленген.
4. Салық төлеуші «Астана Хаб» қатысушылары үшін осы Кодекстің 17-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай салық төлеуші бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады.
5. «Астана Хаб» қатысушысы осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-739/