НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

741-бап. Ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кіріске қызметтің мынадай басым түрлерін:
1) бағдарламалық қамтылымды зерттеу, талдау жүргізу, жобалау, бейімдеу және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
2) техникалық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
3) бағдарламалық қамтылымды тестілеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
4) бағдарламалық қамтылымды пайдаланушыларды оқыту жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру нәтижесінде «Астана Хаб» қатысушысы алған кірістер жатады.
2. Ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды «Астана Хаб» қатысушысы мынадай шарттарға сәйкес келген кезде қолданады:
1) ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуге арналған шарт (келісімшарт) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейді;
2) жұмыскерлермен еңбек шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалған;
3) «Астана Хаб» қатысушысы жұмыскерлерінің саны ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді, оларды іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылады;
4) «Астана Хаб» қатысушысы жұмыскерлерінің ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету үшін қажетті біліктілігінің және (немесе) еңбек өтілінің және (немесе) тәжірибесінің болуы, оларды іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылады;
5) «Астана Хаб» қатысушысының жүргізілген шығыстары көлемінің ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуге арналған шығыстардың нақты қажетті көлеміне сәйкестігі, оларды іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкестік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгіленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-741/