Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
740-бап. Зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кіріс бойынша корпоративтік табыс салығын азайту
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. «Астана Хаб» қатысушыларының зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кірісі зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің айрықша мүліктік құқықтары болған кезде айқындалады және мынадай кірістерден тұрады:
1) зияткерлік меншік объектілерін өткізуден түсетін кіріс;
2) зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды өткізуден түсетін кіріс;
3) зияткерлік меншік объектілері бойынша роялти;
4) зияткерлік меншік объектілері бойынша құқық иеленушінің және патент иеленушінің құқықтары бұзылғаны үшін берілген өтемақылар;
5) зияткерлік меншік объектілері бойынша оларды пайдалануға байланысты басқа да кірістер, оның ішінде жарнама орналастырудан, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісіне кіріктірілген қосымша көрсетілетін қызметтерден түсетін кірістер.
Халықаралық іскерлік операциялар және халықаралық іскерлік операцияларға тікелей өзара байланысты Қазақстан Республикасының аумағында жасалған мәмілелер бойынша зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кіріс «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ескеріле отырып айқындалады.
2. Зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кіріс бойынша корпоративтік табыс салығын азайту сомасы осы баптың 1-тармағында көзделген зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кіріс сомасының және осы баптың 3-тармағында белгіленген өзара байланыс коэффициентінің көбейтіндісі ретінде айқындалады.
3. Өзара байланыс коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
К – өзара байланыс коэффициенті;
Шқатысу – Ш сатып алу көрсеткішінде көрсетілген шығыстарды қоспағанда, «Астана Хаб» қатысушысының зияткерлік меншік объектісіне байланысты шығыстары;
Ш аутсорсинг 1 – өзара байланысты тараптар болып табылмайтын тұлғалармен аутсорсинг бойынша шығыстар.
Осы тараудың мақсаттарында аутсорсинг деп зияткерлік меншік объектілерін құру үшін қажетті жекелеген функцияларды үшінші тұлғаларға беру түсініледі;
Ш аутсорсинг 2 – Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан тұлғалармен – өзара байланысты тараптармен аутсорсинг бойынша шығыстар;
Ш сатып алу – зияткерлік меншік объектісін сатып алу бойынша шығыстар.
Зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кіріс бойынша корпоративтік табыс салығының азаю сомасын айқындау кезінде, егер өзара байланыс коэффициентінің мәні 1-ден артық болса, онда есептеу үшін мәні 1-ге тең коэффициент қабылданады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-740/