Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
771-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.
2. Жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, өндірілетін минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты суларының және емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңде өндірілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың жалпы көлемінен технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тасталуға жатады. Технологиялық сынап көру мен зерттеулер үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сұрыптары) үшін ұлттық стандарттарда көрсетілген технологиялық сынамалардың ең төмен массасымен шектеледі.
Бұл ретте технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемін жоғарыда көрсетілген жалпы өндіру көлемінен алып тастау олар өткізілген жағдайда, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін, сондай-ақ олар қайта өңделген кезде жүргізілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-771/