Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
770-бап. Салық декларациясы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына декларацияны жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
2. Егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына декларацияны тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тұрған жеріндегі салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-770/