НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

79-бап. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Заңды тұлғаның салықтық міндеттемесі:
1) мұндай тұлға таратылғаннан;
2) мұндай тұлға қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.
2. Дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесі мұндай адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
3. Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі ол қайтыс болған немесе осы Кодекстің 73-бабының ережелері ескеріле отырып заңды күшіне енген сот актісінің негізінде қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-79/