НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

792-бап. Салық салу объектісі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Осы Кодекстің 791-бабының 1-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің физикалық көлемі роялти салу объектісі болып табылады. Бұл ретте, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілген минералды шикізаттың, оның ішінде қайта өңдеуден өткен минералды шикізаттың көлемі осындай минералды шикізат және ондағы әрбір ілеспе пайдалы қазба бойынша айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-792/