НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

793-бап. Салықтық база

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салықтық кезеңдегі өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құны роялтиді есептеуге арналған салықтық база болып табылады. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құны Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады. Бұл ретте өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің өндірістік өзіндік құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әрбір операция бойынша айқындалады.
2. Есепті салықтық кезеңде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген ресми баға белгіленімдері бар минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құны салықтық кезеңде қалыптасқан орташа биржалық баға бойынша айқындалады. Орташа биржалық баға осы Кодекстің 780-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
3. Осы тараудың мақсаттары үшін өткізу күні халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
4. Осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құнын және (немесе) көлемдерін түзету көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-793/