НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

801-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс осы Кодекстің 802-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салық салынатын кіріс пен осы Кодекстің 805-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарындағы таза кіріс жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша тұрақты мекеменің осы Кодекстің 806-бабына сәйкес есептелген таза кірісіне салынатын салықтың есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-801/