НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

802-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салық салынатын кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Осы тараудың мақсаттарында салық салынатын кіріс осы Кодекстің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына азайту ескеріле отырып, осы Кодекстің 803-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жылдық жалпы кіріс пен осы Кодекстің 804-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдердің салықтық кезең үшін жылдық жалпы кіріс сомасынан асып кетуі келесі салықтық кезеңдердің үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін ауыстырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-802/