Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
804-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:
1) осы Кодекстің 257 – 260, 262 – 273, 301 – 302 және 317-баптарына сәйкес келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттарында есепті салықтық кезеңде шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;
2) мыналарға:
тіркеп-белгіленген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстарына;
осы Кодекстің 303 және 316-баптарына сәйкес түзілген амортизацияланатын активтердің жеке топтарына қосуға жататын, салықтық кезең ішінде іс жүзінде шегілген шығындар сомасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жалпы және (немесе) жанама тіркеп-белгіленген активтерді сатып алу бойынша шығындар жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең үшін жүргізген тікелей шығыстардың жалпы сомасында жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке сай келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс.
2. 2018 жылдың салықтық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында жинақталған шығындардың шегерімге жатқызылуға тиісті, бірақ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімге жатқызылмаған сомасының біржолғы шегерімі жүргізіледі.
3. Егер шығыстардың нақ сол түрлері шегерімдердің осы бапта белгіленген бірнеше түрінде көзделсе, онда салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығыстар бір рет қана шегеріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-804/