НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

803-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жалпы кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жылдық жалпы кірісті келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 244, 250 – 254 және 297-баптарында көзделген, осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған кірістерді қоспағанда, жылдық жиынтық кірісті айқындау үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.
2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында осы Кодекстің 244 және 297-баптарында көзделген кірістер активтердің өткізілуінің, берілуінің және шығып қалуының осы Кодекстің 279, 303 – 316-баптарында көрсетілген толық құны мөлшерінде айқындалады. Осы Кодекстің 250 – 254-баптарында көзделген кірістер көрсетілген активтердің құны үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында шегерімдерге жатқызылған жағдайда, активтердің өткізілуінің, берілуінің және шығып қалуының осы Кодекстің 279, 303 – 316-баптарында көрсетілген толық құны мөлшерінде айқындалады. Осы Кодекстiң 250 – 254-баптарында көрсетiлген, құны үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында шегерiмге жатқызылуға тиісті емес активтердi өткізуден түсетін кіріс мөлшері осы Кодекстiң 250 – 254-баптарына сәйкес айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-803/