Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
81-бап. Салық органының хабархаттары
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салық органы салық төлеушіні (салық агентін):
1) салықтық берешектің шекті мөлшерінен аспайтын сомада салықтық берешектің бар екендігі туралы хабардар етеді.
Осы тармақшаның мақсатында салық төлеуші (салық агенті) деп заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам түсініледі;
2) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламасы орындалмаған деп танылған салық төлеушімен өзара есеп айырысу жасау туралы;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламасы орындалмаған деп танылған салық төлеушімен өзара есеп айырысу жасалғаны туралы хабардар етеді.
2. Салық органы салықтық берешектің бар екендігі туралы хабархатты салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық берешектің шекті мөлшерінен аспайтын сомада салықтық берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабархаттар осы Кодекстің 82-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарламада көрсетілген электрондық шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші немесе алушы болып табылатын салық төлеушінің контрагентіне салық төлеушілерге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатыла тұрған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Мұндай хабархаттарда көрсетілген электрондық шот-фактуралар туралы мәліметтер қамтылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-81/