Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
82-бап. Салық органының ақпараттық-ескертпелік
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
сипаттағы хабарламалары
1. Салық органының ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламаларына мыналар жатады:
1) есептелген мүлік салығының сомасы туралы хабарлама.
Есептелген мүлік салығының сомасы туралы хабарламада есептелген салықтың сомасы және салықтық міндеттемені орындаудың шекті мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.
Есептелген мүлік салығының сомасы туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық сомасын және салықтық міндеттемені орындаудың шекті мерзімін көрсете отырып, салық органы мүлік салығы есептелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
2) салық органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасы туралы хабарлама.
Салық органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасы туралы хабарламада мүлік салығынан басқа, есептелген салықтардың, төлемақылардың сомасы және салықтық міндеттемені орындаудың шекті мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.
Салық органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасы туралы хабарламаны салық органы салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасын және салықтық міндеттемені орындаудың шекті мерзімін көрсете отырып, құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдардан салықтар және (немесе) төлемдер алынған мәліметтердің негізінде салық төлеушіге (салық агентіне) есептеген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
3) қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген төлем сомасы туралы хабарлама.
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақының есепке жазылған сомасы туралы хабарламада есепке жазылған төлемақы сомасы және салықтық міндеттемені орындаудың шекті мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақының есепке жазылған сомасы туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан төлемақының есепке жазылған сомасы туралы мәліметтерді және оның аумақтық бөлімшелерінен қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемдері туралы мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады;
4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар туралы хабарламада анықталған алшақтықтардың сипаттамасы және оларды салық төлеушінің (салық агентінің) өз бетінше жоюы немесе түсініктеме беруі үшін осы алшақтықтар анықталған кезең қамтылады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) камералдық бақылау аяқталған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде ұсынылады;
5) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарлама.
Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламада оларды салық төлеушінің (салық агентінің) өз бетінше жоюы немесе осындай айналымның іс жүзінде жасалғанын растайтын түсініктеме беру үшін олардың іс жүзінде жасалғанына салық органында күмән болатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі операциялардың сипаттамасы және олар жасалған кезең қамтылады.
Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) олардың нақты жасалғанына салық органында күмән болатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі операциялар анықталған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде ұсынылады;
6) салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама.
Салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламада салық төлеушінің (салық агентінің) дербес салықтық тіркелуі немесе түсініктеме беруі үшін салықтық тіркеу талаптарының бұзылу белгілерінің сипаттамасы және осындай белгілердің туындау кезеңі қамтылады.
Салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тіркеу талаптарын сақтау мониторингінің қорытындылары бойынша ұсынылады;
7) оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы хабарлама.
Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы хабарламада қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылады және ол қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға салықтық өтініш беру қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап ұсынылған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде ұсынылады;
8) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама салық төлеушілері тауарларды импорттаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдарынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті электрондық нысанда алған жағдайда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттауды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне ұсынылады.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламаларды орындау мерзімі тапсырылған күннен кейінгі отыз жұмыс күнін құрайды.
Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарламаны орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күнін құрайды.
Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарламалардың орындалу мерзімі болмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-82/