НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

825-бап. Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай төлем шеңберіндегі құзыреті

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Бірыңғай төлем шеңберінде мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жүргізеді;
2) бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жаңартып отырады;
3) бірыңғай төлемнің сомасын МӘСҚ-қа, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және салық агентінің тұрған жері бойынша тиісті бюджетке бөледі және аударады;
4) бірыңғай төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Ұлттық Банкпен, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-825/