НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

826-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Осы Кодекстің 102-бабының тәртібімен тіркелген шетелдік компания қосылған құн салығын төлеуші деп танылады. Осы тармақтың мақсатында осы Кодекстің 100 және 101-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлға шетелдік компанияға жатпайды.
2. Қосылған құн салығын төлеуші жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын, егер мынадай шарттардың бірі орындалса: Қазақстан Республикасы сатып алушы жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып табылса; Қазақстан Республикасының аумағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін сатып алушы жеке тұлға пайдаланатын банктік шот ашылған банктің немесе сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының тұрған жері болып табылса; көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушы жеке тұлғаның желілік мекенжайы Қазақстан Республикасында тіркелсе; көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі (оның ішінде мобильді телефон нөмірі) елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы берсе, осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді.
3. Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеушінің шот-фактураларды жазып беруі талап етілмейді.
4. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтарылуға жатпайтын, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде;
2) егер мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, осы Кодекстің 509-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-826/