Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
828-бап. Өтпелі ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша бұрын есептелген және мемлекеттік бюджетке аударылмаған жеке табыс салығын ұстап қалуды және аударуды жүргізбейді.
2. Егер жеке тұлғаның салық салынатын кірісін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 353-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес айқындау кезінде жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кешірек өтініш жасауы себебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі жеке тұлғаның кірісіне 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген салықтық шегерімдер қолданылмаса, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растаушы құжаттарды ұсынуға құқылы, олардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 қаңтар – 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жүзеге асырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді қайта есептеу бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтар – 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең ішінде айқындалды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-828/