Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
829-бап. Жеке практикамен айналысатын адамға қатысты өтпелі ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салық органы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке практикамен айналысатын адамды хабардар етпестен, оны осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруға тиіс.
2. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке практикамен айналысатын адам осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тіркелген жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігін осындай таратудың салықтық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме туындаған салықтық кезеңнің басынан бастап оны салық органына ұсынған күнге дейінгі кезең үшін ұсынуға міндетті.
3. Жеке практикамен айналысатын адамды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-829/