НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

84-бап. Салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық органы осы Кодексте айқындалған жағдайларда салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін (бұдан әрі – қамтамасыз ету тәсілі) қолданады.
2. Қамтамасыз ету тәсілдері – салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені тиісінше орындауын ынталандыратын мүліктік және (немесе) шектеу сипатындағы шаралар.
3. Мыналар қамтамасыз ету тәсілдері болып табылады:
1) өсімпұлдарды есепке жазу;
2) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) мүлікке билік етуді шектеу;
4) электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру;
5) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділікті шектеу (бұдан әрі – интернет-ресурстарға және (немесе) интернет алаңға қолжетімділікті шектеу).
4. Осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қамтамасыз ету тәсілдерінің:
1) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген сомалар бөлігінде салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;
2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген сомалар бөлігінде оңалту рәсімінің жоспарын бекіту туралы келісімді сот бекіткен күннен бастап;
3) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге енгізілген сомалар бөлігінде осындай келісімді бекіту туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;
4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
5) екінші деңгейдегі банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;
6) осы Кодекстің 86-бабының 7-тармағында және 87-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда күші жойылуға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану:
1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда: уәкілетті орган шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарғанға дейін; шағымды қарау нәтижелері бойынша қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарылған сәттен бастап он бес жұмыс күніне;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасалған жағдайда шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-84/