НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

842-бап. Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

түсетін кіріс бойынша өтпелі ережелер Осы Кодекстің 383-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін олар меншік құқығында: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жылдан аз болатын; 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу, орынтұрақ орындары болып табылатын Қазақстан Республикасындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін олар меншік құқығында: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жылдан аз болатын; 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;».
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-842/