Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
841-бап. Мүліктік кіріс бойынша өтпелі ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 781. Переходные положения по исчислению,
· толық сәйкестік кестесі
2028 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Кодекстің 382-бабының 5-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) осындай жеке тұлғаның меншік құқығында:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан көп болатын;
2026 жылғы 1 қаңтардан кейін дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жыл және одан көп болатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) мынадай:
тұрғынжай, саяжай құрылысы, орынтұрақ орны, қойма, гараж, жеке қосалқы шаруашылық объектісі осындай жеке тұлғаның меншік құқығында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан көп болатын
немесе
тұрғынжай, саяжай құрылысы, орынтұрақ орны, қойма, гараж, жеке қосалқы шаруашылық объектісі осындай жеке тұлғаның меншік құқығында 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жыл және одан көп болатын
немесе
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған күннен бастап немесе талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ие болған күннен бастап мүлікті өткізу немесе оны жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейінгі кезең екі және одан көп жылды құрайтын
немесе
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған күннен бастап немесе талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ие болған күннен бастап мүлікті өткізу немесе оны жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейінгі кезең үш және одан көп жылды құрайтын жағдайда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру арқылы сатып алынған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;»;
«4) осындай жеке тұлғаның меншік құқығында:
бір жыл және одан көп болатын, меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған күннен бастап өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
немесе
екі жыл және одан көп болатын, меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін дейін туындаған күннен бастап өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде түзілмейді.»;
2) осы Кодекстің 382-бабының 6-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) мынадай:
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі және одан көп жылды құрайтын;
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш және одан көп жылды құрайтын жағдайда;
2) мынадай:
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі және одан көп жылды құрайтын;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш және одан көп жылды құрайтын жағдайда түзілмейді.».
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-841/