Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
96-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
ерекшеліктері
1. Салық органдары бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен салықтық өтініші бойынша мынадай:
1) бейрезидент тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатқан;
2) егер мұндай бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда бейрезиденттің мүлкіне, акцияларына және (немесе) қатысу үлесіне құқықтары тоқтатылған;
3) бейрезиденттің қызметі осындай бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы тоқтатылған;
4) дипломатиялық өкілдіктің қызметі тоқтатылған;
5) бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоты болмау шартымен резидент-банкте ағымдағы шот ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген осындай бейрезидент-заңды тұлғаның шоты жабылған, сондай-ақ резидент-банктің хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде ағымдағы шот ашылғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайларда шығарады.
2. Салық органы мыналарды:
1) сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның осындай тұлғалардың қызметін тоқтату туралы мәліметтерінің негізінде – дипломатиялық өкілдікті;
2) тәуелді агенттің салықтық өтінішінің негізінде – осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызметін бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны;
3) резидент-банктің бейрезиденттің ағымдағы шотын жабу туралы жіберген хабарламасының негізінде – резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, салықтық өтінішінің негізінде бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығарады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-96/