НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

97-бап. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

адамды тіркеу есебіне қою және тіркеу мәліметтерін өзгертудің ерекшеліктері
1. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою қызметтің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлға дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қойылмайды.
3. Тіркеу мәліметтерін өзгертуді салық органы тіркеу деректері, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметінің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-97/