Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области N№ 24/14 от 2 сентября 2008 года "Об определении основных условий бюджетного кредитования субъектов малого и среднего предпринимательства"

Қаулы · № 31/08 · қабылданған 12.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/nno-2414-2-2008/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области N№ 24/14 от 2 сентября 2008 года "Об определении основных условий бюджетного кредитования субъектов малого и среднего предпринимательства" Күшін жойған Қаулы ·№ 31/08 ·12.11.2008
17.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области N№ 24/14 от 2 сентября 2008 года "Об определении основных условий бюджетного кредитования субъектов малого и среднего предпринимательства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 31/08 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области N№ 24/14 от 2 сентября 2008 года "Об определении основных условий бюджетного кредитования субъектов малого и среднего предпринимательства"
Атауы (қаз.)
"Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптарын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 24/14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31/08
Қабылданған күні
12.11.2008
Көрсетілген редакция
17.06.2015 42404_285901.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08K0001858
ЭКБ идентификаторы
42404
Редакция идентификаторы
42404_285901
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:37

0 "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптарын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 24/14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 172, 180-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің" 449-тармағына, "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылдың 2 қазанында N 1851 тіркелген, 4 қазанда N 153-154 (20537) "Орталық Қазақстан" және 4 қазанда N 124 (206700) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптарын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі
N 24/14
қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
"Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға байланысты "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын несиелендіруі" 265 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Әбдікеровке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткенде күшіне енеді.

4 Қарағанды облысы әкімдігінің

2008 жылғы 12 қарашадағы
N 31/08 қаулысымен
бекітілді
Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 2 қыркүйектегі
N 24/14 қаулысымен
бекітілді
"Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға байланысты "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын несиелендіруі" 265 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелендірудің негізгі талаптары

1 1. Несие беру мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру.

2 2. Бюджеттік несиелендірудің қатысушылары төмендегілер болып табылады:

ақырғы қарыз алушы - шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі - Қарағанды облысы әкімдігінің осы қаулысымен белгіленген талаптар бойынша банк-серіктес беретін несиені ақырғы алушы;
банк-серіктес - Қазақстан Республикасының экономикасын модернизациялау мәселесі жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2008 жылғы 27 маусымдағы отырысының N 17-5/011-10 хаттамасына сәйкес банктер ішінен шағын кәсіпкерлік субъектірлерін қаржыландыруға қатысатын облыс әкімдігі жанындағы белгілі бір комиссияның қаржы агенті;
бюджеттік бағдарлама әкімгері - "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
қарыз алушы - негізгі қарызды өтеу және сыйақыны, сондай-ақ несиелік келісім-шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын несие алушы несиелік келісім-шарт тарабы - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ;
несие беруші - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес несие беретін тарап - Қарағанды облысының әкімдігі;

3 3. Шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің негізгі бағыттары және бюджеттік несиелендіруге жататын инвестициялық жобалар:

өңдеуші өнеркәсіп;
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу;
ауыл шаруашылық өнімдерін және бірінші қажеттіліктегі өнімдерді сақтау және сату;
қызмет көрсету саласы;
туризм;
медициналық қызмет;
дәрілік құралдар өндіру;
медициналық қызметке арналған аспаптар, құралдар және жабдықтар өндіру;
бұдан бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыру, бұл жағдайда қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі алынған қаражат көлемінен 50 пайыздан аспауы керек.
Бұл жағдайда бюджеттік несиелендіруге жататын шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының тізбесі толық болып табылмайды және облыс әкімдігімен құрылған комиссияның мақұлдауына жатады;

4 4. Бюджеттік несие Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясының тиісті шешімімен көзделген сомма шегінде беріледі.

Бір ақырғы қарыз алушыға лимит - 300 000 айлық есептік көрсеткіш;

5 5. Бюджеттік несие - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен беріледі.

6 6. Бюджеттік несие беру мерзімі:

несие 1 жылдан 5 жылға дейінгі ортамерзімді кезеңге беріледі,
бюджеттік несие мерзімі бюджеттік несие қаражатының бағдарлама әкімгерінің есепшотынан аударылған сәтінен бастап саналады;

7 7. Қарыз алушының несиені игеру кезеңі қарыз алушы банкпен несиелік келісімге қол қойған күннен бастап үш ай.

8

8. Қарыз алушыға сыйақы мөлшерлемесі құнды қағаздардың жинақы қосымша рыногында операциялар нәтижесінде өткен тоқсанда қалыптасқан деңгейде белгіленген бюджеттік несие мерзіміне сәйкес келетін өтініш мерзімімен бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органмен эмиттелген тиісті мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздар бойынша табыстың ортаөлшемді мөлшерінде белгіленеді.
Сыйақы мөлшерлемесі несиелендірудің тұтас мерзіміне тұрақты болып белгіленеді және ақырғы қарыз алушыға жылына 14 пайыздан аспауы керек.

9 9. Несиелік келісім-шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін, яғни қарыз алушы несиені қайтаруды жүзеге асырмайтын мерзім ішінде бюджеттік несие мерзімі құрамына кіретін уақыт кезеңі. Жеңілдік мерзімнің ұзақтығы бюджеттік несие мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауы керек.

Қолданыстағы