О внесении изменений, дополнений в распоряжение Акима области № 1-409р от 21 июля 1998 года “Об утверждении единого образца паспорта торгового предприятия”
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений, дополнений в распоряжение Акима области № 1-409р от 21 июля 1998 года “Об утверждении единого образца паспорта торгового предприятия”
- Атауы (қаз.)
- «Сауда кәсіпорны төлқұжатының бірыңғай үлгісін бекітү туралы» облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1-409ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-798р
- Қабылданған күні
- 18.01.2000
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2000 5165_254297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00V000261_
- ЭКБ идентификаторы
- 5165
- Редакция идентификаторы
- 5165_254297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:42
0 «Сауда кәсіпорны төлқұжатының бірыңғай үлгісін бекітү туралы» облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1-409ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2001 жылғы 6 наурыздағы № 1002 шешімімен.
1. «Сауда кәсіпорны төлқұжатының бірыңғай үлгісін бекіту туралы» облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1-409ө өкімінің 1 тармағындағы «сауда кәсіпорнының төлқұжаты» деген сөздер «сауда, қоғамдық тамақтандыру, кызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаты» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2 тармақтағы «сауда кәсіпорнының» деген сөздер «сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер көрсету саласы объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1 - 409ө өкімінің № 1 қосымшасындағы «сауда кәсіпорнының төлқұжаты» деген атауын «сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаты» дерен атаумен ауыстырылсын.
4. Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаттарын беру және тіркеу тәртібі бекітілсін ( № 1 қосымша ).
5. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.
6 Шығыс Қазақстан облысы аумағында сауда, қоғамдык тамақтандыру және қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаттарын беру және тіркеу
Облыс Әкімінің
2000 жылғы « 18 » 01
№ 1-798ө өкіміне № 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы аумағында сауда, қоғамдык тамақтандыру және қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаттарын беру және тіркеу
ТӘРТІБІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілері деп дүкендер, дүкендердегі бөлімдер, асханалар, думанханалар, кафелер, барлар/ дәмханалар ( бұдан әрі - «Сауда, қоғамдық тамақтандыру стационарлық к^сіпорындары» ) , сондай-ақ ұсақ бөлшек сауда жүйесі түсініледі.
Ұсақ бөлшек сауда жүйесіне павильондар, дүңгіршіктер, палаткалар мен сауда автоматтары ( бұдан әрі - «Дүңгіршіктер»), сондай-ақ тасып және таратып саудалаудың жылжымалы құралдарын: арбашаларды, цистерналарды, автодүкендерді, жаймалар мен үстелдерді қолданатын сауда орындары ( бұдан әрі - «Көшедегі сауда») жатады.
2. Қызметтер көрсету саласының кәсіпорындарына жанар-жағармай құятын стансалар, шаштараздар, фотосалондар, киім, аяқ киім тігу және жөндеу ательелері, галантереялар және т.б., дәріханалар, дәріхана дүңгіршіктері жатады.
11. САУДА, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТӨЛҚҰЖАТТАРЫН БЕРУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
1. Барлық сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер көрсету объектілері санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет басқармасында бекітіліп, тіркелген сауда мекемелеріне арналған бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру және сатудың 1996 жылғы 25 тамыздағы № 355, 356 негізгі ережелерінің талаптарына, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты жөніндегі мемлекеттік комитеті алқасының 1996 жылғы 20 қыркүйектегі № 9/7 қаулысымен бекітілген қызметтер көрсету саласының объектілеріне арналған Қазақстан Республикасы халқына тұрмыстық қызмет көрсету ережелеріне және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
2. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер көрсету саласының әрбір объектілері төлқұжатпен қамтамасыз етіледі, облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1-409ө өкімімен осы төлқұжаттың бірыңғай үлгісі енгізілген өзгерістер ескеріліп бекітілген. Төлқұжат тұтынушыларға көрнекті жерде орналасуы қажет.
3. Төлқұжаттарды қалалық, аудандық әкімдер береді.
4. Төлқұжатта сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер көрсету саласының объектісіне нөмір (код) беріледі.
Дүкендер - М 000000
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары - О 000000
Дүңгіршектер мен палаткалар - К 000000
Дәріханалар - А 000000
Жанар-жағармай құятын стансалар - З 000000
Қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары - У 000000
Объектіні тіркеу үшін төлқұжат салық қызметі органына тапсырылады.
5. Төлқұжат алу үшін тиісті құжаттармен бірге өтініш беріледі. (Мемсанэпидқадағалау органдарының қорытындысы; Мемсанэпидқадағалау органдарымен келісіліп өткізілетін тауарлар немесе ұсынылатын қызметтерінің ассортименттік минимумы және объектінің бар екендігін растайтын құжаттар)
6. Кәсіпорын төлқұжаты шектеусіз мерзімге беріледі, төлқұжат объект иесі өзгерген жағдайда ғана ауыстырылады.
7. Көшедегі сауда объектілерінен басқа саудаа, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер көрсету саласы объектілерінің барлығына төлқұжат беріледі.
8. Көшедегі сауда объектілерін ашу және тіркеу қала, аудан әкімдерінің объект орналасатын жері мен іс-әрекет мерзімі көрсетілген шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
III. ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ
Дүңгіршектерді, көшедегі сауда объектілерін өз бетімен орналастырған немесе тіркелмеген объектіні ашқаң жағдайда кінәлілер «Әкімшілік тәртіпті бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Облыс Әкімі аппаратын
Басшысы
Т. Ибраев