Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы отчета № 1-ЭТ «О правонарушениях, связанных с экстремизмом и терроризмом и о состоянии прокурорского надзора» и Инструкции по его формированию

Бұйрық · № 12 · қабылданған 09.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-1-ekb-177704/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы отчета № 1-ЭТ «О правонарушениях, связанных с экстремизмом и терроризмом и о состоянии прокурорского надзора» и Инструкции по его формированию Қолданыста Бұйрық ·№ 12 ·09.01.2023
09.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы отчета № 1-ЭТ «О правонарушениях, связанных с экстремизмом и терроризмом и о состоянии прокурорского надзора» и Инструкции по его формированию

Қолданыста Бұйрық ·№ 12 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы отчета № 1-ЭТ «О правонарушениях, связанных с экстремизмом и терроризмом и о состоянии прокурорского надзора» и Инструкции по его формированию
Атауы (қаз.)
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
09.01.2023
Көрсетілген редакция
09.01.2023 177704_614520.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031687
ЭКБ идентификаторы
177704
Редакция идентификаторы
177704_614520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:44

0 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына,  «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есеп нысаны;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2

2. «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 161 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25924 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
1 қосымша
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебі
1-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер
Ата­уы
Жол ко­ды
Есеп­тік ке­зең­де қыл­мыстық іс­те­рі іс жүр­гі­зу­де болған қыл­мыстар­дың са­ны
Есеп­тік ке­зең­де
Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мін­де тір­кел­ген қыл­мыстар са­ны
Есеп­тік ке­зең­де іс жүр­гі­зу­мен аяқ­тал­ған қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша қыл­мыстар­дың са­ны
Есеп­тік ке­зең­де қыл­мыстық іс­те­рі сот­қа жі­бе­рі­л­ген қыл­мыстар­дың са­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық-про­це­стік ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – ҚПК) 35-ба­бы­ның 3), 4), 9), 10), 11), 12) тар­мақ­та­ры және 36-ба­бы бой­ын­ша қыл­мыстар­дың са­ны қыл­мыстық іс­те­рі қы­сқар­ты­л­ған
ҚПК-нің 35-ба­бы 1- бө­лі­гі­нің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тар­мақ­та­ры бой­ын­ша қыл­мыстар са­ны тар­мақ­тар бой­ын­ша қы­сқар­ты­л­ған қыл­мыстық іс­тер
А
Б
1
2
3
4
5
6
Экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік қыл­мыстар
кестенің жалғасы:
есеп­тік ке­зең­де ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі бой­ын­ша сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру мер­зім­де­рі үзі­л­ген қыл­мыстар­дың са­ны
Бар­лы­ғы
1) тар­мақ
2) тар­мақ
3) тар­мақ
4) тар­мақ
5) тар­мақ
6) тар­мақ
7) тар­мақ
8) тар­мақ
9) тар­мақ
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
Экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік қыл­мыстар
кестенің жалғасы
есеп­тік ке­зең­де қыл­мыстық іс­те­рі іс жүр­гі­зу­мен аяқ­тал­ған қыл­мыстар
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­мен неме­се олар­дың қа­ты­суы­мен
Адам­дар то­бы
Қыл­мыстық топ
Қыл­мыстық қо­ғам­да­стық
Қыл­мыстық ұй­ым
17
18
19
20
21
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТесебі
2-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстарды жасаған адамдар туралы мәліметтер
Ата­уы
Жол ко­ды
Бар­лы­ғы
оның ішін­де
сот­қа жол­дан­ды
бұ­рын жа­са­ған адам­дар
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
әй­ел­дер
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры
Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығ­ы­ның аза­мат­та­ры (бұ­дан әрі-ТМД)
ше­тел аза­мат­та­ры
аза­мат­тығы жоқ адам­дар
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік қыл­мыстар
кестенің жалғасы:
оның ішін­де
кә­сі­бі­нің тү­рі
Бі­лі­мі
мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­дай­тын адам­дар
жұ­мыс­сыз
оқу­шы­лар
қа­ты­су­шы­лар
сту­дент­тер
же­ке кә­сіп­кер­лер
дін қыз­мет­ші­ле­рі
әс­ке­ри қыз­мет­кер­лер
мә­де­ни­ет және өнер қыз­мет­кер­ле­рі
фер­мер­лер
жо­ға­ры
ор­та және ар­найы ор­та
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебі
3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер
А-кестесі. Экстремистік материалдарды алу туралы мәліметтер
Ата­уы
Жол ко­ды
Экс­тре­ми­стік ма­те­ри­ал­дар тәр­кі­лен­ді
А
Б
1
Ма­те­ри­ал­дар­дың бар­лы­ғы
1
олар­дың ішін­де
па­рақ­ша­лар
2
кі­тап­тар
3
бас­қа та­сы­мал­да­у­шы­лар
4
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебі
3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер
Б-кестесі. Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер
Ата­уы
Жол ко­ды
Қоз­ғал­ған қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша қа­ру, оқ-дә­рі және жа­ры­л­ғыш заттар тәр­кі­лен­ді
А
Б
1
Қа­ру­дың, оқ-дә­рі­лер­дің және жа­ры­л­ғыш заттар­дың бар­лы­ғы
1
олар­дың ішін­де
қа­ру
2
оқ-дә­рі­лер
3
жа­ры­л­ғыш заттар
4
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебі
4-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер
Ата­уы
Жол ко­ды
Бар­лы­ғы
оның ішін­де:
кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
әй­ел­дер
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
аза­мат­та­ры
ТМД аза­мат­та­ры
ше­тел аза­мат­та­ры
аза­мат­тығы жоқ адам­дар
а
б
1
2
3
4
5
6
7
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы Ко­дек­сі­нің 453-ба­бы бой­ын­ша жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ды (бұ­дан әрі - ӘҚ­БтК)
1
Олар­дың ішін­де қол­да­ну­мен:
ай­ып­пұл­дар
2
қыз­мет­ті тоқ­та­та тұ­ру, оған тый­ым са­лу
3
са­лын­ған ай­ып­пұл со­ма­сы
4
өн­ді­ріп алын­ған ай­ып­пұл со­ма­сы
5
ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды
6
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебі
5-бөлім. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл салаларда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер
Ата­уы
жол ко­ды
бар­лы­ғы
А
Б
1
Заң­ды­лық­тың сақ­та­луы­на тек­се­ру­лер жүр­гі­зіл­ді
1
Заң­ды­лық­тың жай-күйі заң­ды­лы­ғы­ның бұ­зу­шы­лық­та­ры анық­тал­ды
2
Заң­ды­лық­тың сақ­та­луы­на тал­да­у­лар жүр­гі­зіл­ді
3
Ен­гі­зі­л­ген на­ра­зы­лық­тар
4
оның ішін­де на­ра­зы­лық­тар қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды
5
оның ішін­де на­ра­зы­лық­тар қа­был­дан­ба­ды
6
Қа­рал­ған ұсы­ны­стар
7
«Про­ку­ра­ту­ра ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық За­ңы­ның 39 ба­бы тәр­ті­бін­де қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды
8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Аза­мат­тық про­це­стік ко­дек­сі­нің 376-ба­бы тәр­ті­бі­мен ен­гі­зі­л­ген сот қа­на­ғат­тан­дыр­ған ары­здар­дың са­ны (47 та­рау)
9
9-жол­дан
экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік деп та­ны­л­ған ұй­ым­дар­дың са­ны
10
«Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс – қи­мыл ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – «Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ) 21-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған ары­зда­ры­ның са­ны
11
«Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс – қи­мыл ту­ра­лы» Заң­ның (бұ­дан әрі – «Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ) 8-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған ары­зда­ры­ның са­ны
12
«Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ 10-4-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған ары­зда­ры­ның са­ны
13
«Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ 12-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған ары­зда­ры­ның са­ны
14
Заң тү­сін­дір­ме­ле­рі бе­ріл­ді
15
Ден қою ша­ра­ла­ры бой­ын­ша заң­сыз ак­ті­лер­дің кү­ші жой­ыл­ды және өзгер­тіл­ді
16
Тәр­тіп­тік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны
17
Әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны
18
Ма­те­ри­ал­дық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны
19
Заң­ды­лық­тың сақ­та­луы­на тек­се­ру және заң­ды­лық­тың жай-күй­іне тал­дау нәти­же­сін­де ақ­па­рат­ты есеп­ке алу кі­та­бын­да (бұ­дан әрі-АЕК) тір­кел­ген фак­ті­лер­дің са­ны
20
Тер­геу аяқ­тал­ған (заң­ды кү­шіне ен­ген сот үкі­мі не іс ақ­тал­май­тын негіз­дер бой­ын­ша қы­сқар­тыл­ды) АЕК-те тір­кел­ген фак­ті­лер са­ны (20-ба­ған­нан)
21
Заң­ды­лық­тың сақ­та­луы­на тек­се­ру және заң­ды­лық­тың жай-күй­іне тал­дау нәти­же­сін­де сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру ба­стал­ған қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар са­ны
22
Сот­қа дей­ін­гі аяқ­тал­ған тер­ге­улер са­ны (заң­ды кү­шіне ен­ген неме­се іс ақ­тал­май­тын негіз­дер бой­ын­ша қы­сқар­ты­л­ған сот үкі­мі) (22-ба­ған­нан)
23
Ақ­па­рат­тық-про­фи­лак­ти­ка­лық (тү­сін­ді­ру) жұ­мысы (бар­лы­ғы):
24
24-жол­дан
оның ішін­де кон­фе­рен­ци­я­лар, бас­па­сөз кон­фе­рен­ци­я­ла­ры, се­ми­нар­лар, се­ми­нар-ке­ңе­стер, дөң­ге­лек үстел­дер өт­кі­зіл­ді
25
оның ішін­де бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да (бас­па­сө­зде, ра­дио, те­ле­ди­дар, ақ­па­рат­тық агент­тіктер­де, веб-сайт­тар­да) жа­ри­я­лан­ған бар­лық ма­те­ри­ал­дар)
26
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебі
6-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер
Ата­уы
Жол ко­ды
өзде­ріне қа­ты­сты сот­пен қыл­мыстық іс­те­рі тоқ­та­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны
ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­л­ған есі дұ­рыс емес адам­дар­дың са­ны
ақ­тал­ған­дар са­ны
сот­тал­ған­дар са­ны
оның ішін­де бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру­ға
бас бо­станды­ғын шек­те­уы
тұт­қын­дау
Қо­сым­ша жа­за­лау ша­ра­сы: мү­лік­ті тәр­кі­леу
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
Экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік қыл­мыстар

2 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
2 қосымша
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқаулық экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы есепті (бұдан әрі - есеп) қалыптастыруды нақтылайды.

2

2. Есептің субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі және прокуратура органдары (бұдан әрі – құқықтық статистика субъектілері) болып табылады.

3 3. Есепті қалыптастыру негіздері:

1

1) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) (1, 2, 3, 6-бөлімдері) бекітілген Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – СДТБТ) электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – нысан);

2 2) «Қадағалау» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде (5-бөлім) «Әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерістерді және заңдылықты прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» № 1 нысанның;

3

3) «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) (4-бөлім) бекітілген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы» 1-ӘЖ және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалу, қаралу барысы және әкімшілік жазаны орындау тәртібі туралы» 1-ӘҚ нысандарындағы ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтері болып табылады.

4 4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚР ҚПК) сәйкес прокурордың келісуі немесе бекітуіне жататын процестік шешімдерді есепке алу, прокурор шешімді немесе нысанды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылғаннан кейін жүргізіледі.

5 5. Есеп республика бойынша, өңірлер бойынша, әрбір құқықтық статистика субъектісі бойынша жиынтық есептен тұрады.

6 6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының бастықтары Комитеттің ақпараттық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2 2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері

7 7. Есеп тоқсан сайын үдемелі қорытындымен Комитеттің орталық аппаратында автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.

Нысандарды Комитеттің ақпараттық жүйелеріне соңғы рет есепті кезеңнің соңғы күнінде 00:00 сағатқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүктегеннен кейін белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) есепті есептеу жүргізіледі.
Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім), бекітілген есепке кез-келген түзетулер енгізуге тыйым салынады.

8 8. Комитет есепті электрондық форматта құқықтық статистика субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің ресми электрондық мекенжайларына есепті кезеңнен кейінгі айдың 6-күніне орай жібереді.

Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе (демалыс, мереке), онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің соңғы күні болып есептеледі.

3 3-тарау. Есептің құрылымы және қалыптастыру тәртібі

9 9. Есеп мынадай 6 бөлімнен тұрады:

1 1) «Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер» 1-бөлім;

2 2) «Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтер» 2-бөлім;

3 3) «Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер» 3-бөлім;

4 4) «Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер» 4-бөлім;

5 5) «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылда заңдылықты сақтау прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер» 5-бөлім;

6 6) «Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер».

1 1-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер (есептің 1-бөлімі)

10 10. Есептің 1-бөлімі есептік кезеңде істері іс жүргізуде болған (сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, сотқа жолдаумен аяқталған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері тоқтатылған, үзілген) қылмыстар туралы мәліметтерді қамтиды.

Жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер көрсетіледі (бұдан әрі – ҚР ҚК).

11 11. 1-бөлімнің 1-бағанында қылмыстық істері есептік кезеңде іс жүргізуде болған қылмыстардың саны көрсетіледі.

Көрсетілген бағанда сондай-ақ есептік кезеңдегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны көрсетіледі.
Оларға есептік кезеңде тіркелген қылмыстар, сондай-ақ есептік кезеңде қылмыстық істі сотқа жіберу, мерзімін үзу немесе іс жүргізуді тоқтату (есепке алудан шығарып тоқтатылғандардан басқа) туралы процестік шешім қабылданған немесе жоғарыда аталған шешімдердің бірде біреуі қабылданбаған өткен жылдардағы қылмыстар жатады.

12 12. 2-бағанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді кімнің: анықтау органының, тергеушінің, прокурордың бастағанына қарамастан, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде есептік кезеңде тіркелген қылмыстардың саны көрсетіледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бір құқықтық статистика субъектісі бастаған және кейіннен тергеулігі бойынша басқа құқықтық статистика субъектісіне берген жағдайда, 2-бағанда құқық бұзушылық сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған құқықтық статистика субъектісінің есебінде көрсетіледі. Бұл жағдайда, 2-баған көрсеткіштерінің 1-баған көрсеткіштерінен асып кетуіне жол беріледі.

13

13. 3-бағанда тіркеу уақытына қарамастан аяқталған қылмыстық істер бойынша (ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен сотқа жіберілген және ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілген не ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтарына және 36-бабына сәйкес тоқтатылған) қылмыстардың саны көрсетіледі.
4-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен және құқық бұзушылықты тіркеу уақытына қарамастан, ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілген қылмыстардың саны көрсетіледі.

14 14. 5-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтары және 36-бабы бойынша тоқтатылған қылмыстар (есепке алудан шығарусыз) көрсетіледі.

6-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша тоқтатылған қылмыстардың саны (құқық бұзушылықты есепке алудан шығарумен) көрсетіледі.
7-бағанда есептік кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстардың жалпы саны көрсетіледі.
7-бағанның 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-бағандарында ағымдағы есептік кезеңде ашылмағаны ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істері бойынша қылмыстардың саны көрсетіледі (ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1), 2, 3), 5), 6), 7), 8), 9) тармақтары бойынша).

15 15. 17-бағанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстар көрсетіледі.

18-бағанда адамдар тобы жасаған қылмыстар көрсетіледі.
19-бағанда қылмыстық топ жасаған; 20-бағанда қылмыстық қоғамдастық жасаған; 21-бағанда қылмыстық ұйым жасаған мәліметтер көрсетіледі.

2 2-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтер (есептің 2-бөлімі)

16 16. Есептің 2-бөлімі экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтерді қамтиды.

Бөлімнің жолдарында бөлімнің «А» бағанында көрсетілген ҚР ҚК-нің баптары мен тарауларына сәйкес қылмыстар туралы мәліметтер көрсетіледі.

17 17. 1-бағанда экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыс жасаған анықталған адамдардың жалпы саны көрсетіледі.

1-бағанның 2-бағанында қылмыстық істері сотқа жіберілген адамдардың саны көрсетіледі.

18

18. 1-бағанның 3-21-бағандарында қылмыс жасаған адамдардың жекелеген санаттарының саны бөлінеді: бұрын қылмыс жасаған адамдар, әйелдер, Қазақстан Республикасының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі – ТМД) азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың жас топтары, кәсібі, білімі.

3 3-параграф. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер (есептің 3-бөлімі)

19 19. Осы бөлімде қылмыстық істер бойынша экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер көрсетіледі.

Есептің бөлімі «Экстремистік материалдарды алып қою туралы мәліметтер» А және «Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер» Б -кестелерінен тұрады.
А-кестесінің жолдарында алынған экстремистік материалдардың атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі

20 20. 1-бағанда алып қойылған экстремистік материалдардың жалпы саны көрсетіледі.

Б-кестесінің жолдарында алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың атауы туралы мәліметтер көрсетіледі
1-бағанда қылмыстық істер бойынша алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың жалпы саны көрсетіледі.

4 4-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер (есептің 4-бөлімі)

21 21. Осы бөлім әкімшілік практика субъектісінің экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды.

Кестелердің жолдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесін қамтиды.

22 22. 1-бағанда әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың жалпы саны көрсетіледі.

2-7-бағандарда 1-бағаннан кәмелетке толмағандардың, әйелдердің, Қазақстан Республикасы, ТМД азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың саны көрсетіледі.

5 5-параграф. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл салаларда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер (есептің 5-бөлімі)

23 23. Есептің 5-бөлімі экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл салаларда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.

24 24. 1-жолда көрсетілген салаларда заннаманы қолдану бойынша заңдылықтың сақталуына ағымдағы есептік кезеңде прокурор аяқтаған тексерістердің жалпы саны көрсетіледі.

Заңдылықтың сақталуына тексерісті көрсетудің қажетті шарты оның нәтижелері туралы анықтаманың не осы тексерістің қорытындылары бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актісінің болуы болып табылады.

25 25. 2-жолда анықталған заңдылықтың бұзушылықтарының саны көрсетіледі, көрсеткіштерді есепке алу үшін заңдылықтың сақталуына тексеріс нәтижелері туралы анықтамалар негіз болады.

26 26. 3-жолда ағымдағы есептік кезеңде прокурор аяқтаған көрсетілген салаларда заннаманы қолдану бойынша заңдылықтың сақталуына талдаулардың жалпы саны көрсетіледі.

27 27. 4-жолда енгізілген наразылықтардың саны көрсетіледі.

28

28. 5-жолда прокурордың заңсыз актінің күшін жою не оны Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз іс-әрекетін тоқтату және бұзылған құқықты қалпына келтіру туралы талаптарының орындалуы туралы жазбаша хабарлама негізінде ескерілетін қанағаттандырылған наразылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.

29 29. 6-жолда қабылданбаған наразылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі

30 30. 7-жолда бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдай отырып, есепті кезеңде қаралған ұсынымдардың саны (оларды енгізу уақытына қарамастан) ескеріледі.

Прокурордың ұсынымдарын қарау нәтижелері және заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы лауазымды адамдардың немесе органдардың жазбаша хабарламалары осы бағанда есепке алу үшін негіз болып табылады.

31 31. 8-жолда «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 39 бабы тәртібінде қанағаттандырылған өтініштер саны ескеріледі.

32

32. 9-жолда сот қанағаттандырған арыздардың саны көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 376-бабы тәртібінде прокурормен енгізілген, оның ішінде келесі жолдарда: 10 жолда - экстремистік және террористік деп танылған ұйымдардың саны; 11 жолда – «Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырған арыздарының саны; 12 жолда – «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны (бұдан әрі – «Экстремизмге қарсы іс- қимыл туралы» ҚРЗ); 13 жолда – «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 10-4-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны; 14 жолда – «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 12-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны ескерілген.

33

33. 15-жолда «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 41-бабының тәртібімен берілген және прокурорлар органға немесе лауазымды адамға не азаматқа жіберген заңға жол бермеу туралы түсіндірмелері ескеріледі. 16-жолда прокуратураның құқықтық актілерінің негізінде жойылған және өзгертілген заңсыз актілердің жалпы саны көрсетіледі.

34 34. 17, 18 және 19-жолдарда прокуратураның қаулылары мен ұсыныстары бойынша тәртіптік, әкімшілік және материалдық жауаптылыққа тартылған адамдардың саны көрсетіледі.

35

35. 20-жолда заңдылықтың сақталуына тексеру және заңдылықтың жай-күйіне талдау нәтижесінде ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркелген фактілер саны, оның ішінде 21-жолда көрсетілетін тергеу аяқталған (заңды күшіне енген сот үкімі не іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды) АЕК-те тіркелген фактілер саны көрсетіледі.

36

36. 22-жолда заңдылықтың сақталуына тексеру және заңдылықтың жай-күйіне талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны, оның ішінде 22-жолда аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің саны (заңды күшіне енген немесе іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған сот үкімі) көрсетіледі.

37 37. 24, 25, 26-тармақтарда ақпараттық-профилактикалық (түсіндіру) жұмыс туралы мәліметтер көрсетіледі.

6 6-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер (есептің 6-бөлімі)

38 38. 6-бөлім соттар оларға қатысты сот актілерін шығарған адамдар туралы ҚР ҚК-нің баптары көрсетілген жолдардан және көрсететін бағандардан тұрады:

қылмыстық істері (қылмыстық қудалауы) тоқтатылған, оның ішінде есі кіресілі-шығасылы адамдар саны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдар саны (1 және 2-бағандар);
ақталғандардың (3-баған) және сотталғандардың (5-баған) саны;
қылмыстық жазалау шаралары: бас бостандығынан айыру мерзімдері (6, 7, 8-бағандар) және қосымша жазалау шарасы (мүлікті тәркілеу) 8-бағанда көрсетіледі.

Қолданыстағы