Құжат мәтініне өту

Об утверждении статистического отчета формы № 1-У "Сведения об усыновлении и удочерении детей, в том числе иностранными гражданами" и Инструкции по его составлению

Бұйрық · № 79 · қабылданған 28.12.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-1-ekb-31687/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении статистического отчета формы № 1-У "Сведения об усыновлении и удочерении детей, в том числе иностранными гражданами" и Инструкции по его составлению Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 ·28.12.2006
20.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении статистического отчета формы № 1-У "Сведения об усыновлении и удочерении детей, в том числе иностранными гражданами" и Инструкции по его составлению

Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении статистического отчета формы № 1-У "Сведения об усыновлении и удочерении детей, в том числе иностранными гражданами" и Инструкции по его составлению
Атауы (қаз.)
"Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" № 1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
79
Қабылданған күні
28.12.2006
Көрсетілген редакция
20.04.2016 AI31687_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004530_
ЭКБ идентификаторы
31687
Редакция идентификаторы
AI31687_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:19

0 "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N 1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы статистикалық ақпараттың толықтығына, нақтылығына және объективтілігіне қадағалауды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" 1-У нысанды статистикалық есебі 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N 1-У нысанды статистикалық есепті құру бойынша Нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шара қолдансын;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне орындау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Төрағасына жүктелсін (Ким Г.В.).

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
25 желтоқсан 2006 жыл
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
25 желтоқсан 2006 жыл

2 "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N1-У нысанды статистикалық есепті құру туралы Нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 28 желтоқсандағы
N 79 бұйрығына N 2 қосымша
"Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N1-У нысанды статистикалық есепті құру туралы Нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N1-У нысанды статистикалық есепті (бұдан әрі - есеп) құрудың және қалыптастырудың негізгі талаптарын айқындайды, ол "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңындағы (бұдан әрі - Заң) ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетел азаматтарының асырап алу тәртібін сақтау бөлігін статистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

2 2. Есепте Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (әрі қарай - ТМД) мүше-мемлекеттердің азаматтарының Заңмен белгіленген тәртіпте асырап алған балаларының саны туралы мәліметтер бейнеленеді.

3 3. Аталған статистиканың субъектілері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, қорғаншылық және қамқоршылық органдары (бұдан әрі - субъектілер) болып табылады.

2 2-тарау. Есепті құру және оның құрылымы

4

4. Есеп ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды асырап алуды, соның ішінде шетел азаматтарының балаларды асырап алуын есепке алу Журналдары мәліметтерінің негізінде немесе белгіленген ережелер бойынша аталған санаттың өтініштері, материалдары мен істері тіркелетін ақпараттық есепке алу материалдарының негізінде қалыптастырылады.

5 5. Есеп жарты жыл және жыл қорытындысы бойынша үдемелі қорытындымен құрылады.

6 6. Есеп қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және консулдық мекемелердің балаларды асырап алудың, соның ішінде шетел азаматтарымен асырап алудың Заңмен белгіленген рәсімін қамтамасыз ету бойынша қызметі туралы мәліметтерді бейнелейді.

7 7. Ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарындағы білім органдарының есептері облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарындағы тиісті білім органдарына жіберіледі.

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарындағы білім органдарының басшыларымен қол қойылған есеп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тиісті құрылымының (Консулдық қызмет департаменті) басшысымен қол қойылған есеп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жіберіледі.

8 8. Есептерге енгізілген мәліметтердің толықтығы мен айқындылығы және олардың уақытылы ұсынылуы үшін жауаптылық субъектілердің басшыларына жүктеледі.

9 9. Комитеттің аумақтық органдары субъектілердің ұсынған есептерінің негізінде аймақ бойынша жинақталған есепті құрайды.

10 10. Аймақ бойынша жинақталған есепке есептік мәліметтердің толықтығы мен айқындылығын бақылайтын және есептіліктің бұрмалаушылықтарын жою үшін қажетті шараларды қабылдайтын субъектілер мен аумақтық органдардың басшылары қол қояды.

11 11. Аймақ бойынша есептер тексеруден кейін және аумақтық органдар басшыларының қолдары қойылғаннан кейін модемдік байланыспен жіберіледі. Аумақтық орган бастығының қолы қойылған есептердің түпнұсқалары Комитетке жолданады.

Модемдік байланыспен және поштамен келіп түскен есептер көрсеткіштерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, модемдік байланыспен келіп түскен есептің көрсеткіштері негізге алынады.

12 12. Республика бойынша жинақталған есепке Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасы қол қояды.

13

13. Есеп: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдіктердің бала асырап алуын консулдық есепке қоюы, жергілікті атқарушы органдардағы уәкілетті білім органдарының бала асырап алуға жататын және асырап алынған, ата-анасының қамқорынан тыс қалған балалардың деректер банкін жүргізуі бойынша жұмыстары туралы мәліметтерді қамтитын 2 кестеден тұрады.
Есеп баған бойынша және жол бойынша көрсеткіштерді қамтиды.
А кестесі төмендегідей ережелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті білім органдарымен толтырылады:
1-жолда - ата-анасының қамқорынан тыс қалған, есептік кезеңде анықталып, есепке алынған балалардың саны;
2-жолда - асырап алуға жататын есепке алынған балалардың саны;
3-жолда - соттардың заңды күшіне енген шешімдері бойынша асырап алынған балалардың саны;
3-жолға сәйкес 4, 5, 6, 7, 8-жолдарда ҚР азаматтығы бар туыстарымен, ҚР азаматтығы жоқ туыстарымен, ҚР азаматтарымен, шетелдіктермен, соның ішінде ТМД мүше-мемлекеттерінің азаматтарымен асырап алынған балалар көрсетіледі.
9-жолда баланы асырап алудан бас тартылған жағдайлардың саны бейнеленеді;
жас құрамы, ұлты, денсаулығы (баланың жеке кәртішкесінің негізінде) бойынша бала асырап алудың саны 2-19-бағандарда бейнеленеді.
Көрсетілген бағандардың ішінен 2-бағанда ұл бала асырап алынғандардың саны, ал 11-бағанда қыз бала асырап алынғандардың саны көрсетіледі.
Б кестесі келесі ережелер бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен толтырылады:
1-жолда асырап алуға берілген және есептік кезеңде консулдық есепке қойылған балалардың саны көрсетіледі;
1-жолға сәйкес 2, 3, 4-жолдарда Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ туыстарымен, шетелдіктермен, соның ішінде ТМД мүше-мемлекеттерінің азаматтарымен асырап алынған балалар саны көрсетіледі;
жас құрамы бойынша бала асырап алудың саны 2-9-бағандарда бейнеленеді.

3 3-тарау. Есепті ұсыну мерзімдері

14 14. Есеп тоқсан сайын:

1 1) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарындағы уәкілетті білім органдарымен, Комитеттің аумақтық органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұсынылады;

2 2) Сыртқы істер министрлігі және Комитеттің аумақтық органдары есептік кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне Комитетке ұсынады;

3 3) Комитет республика бойынша жинақталған статистикалық есепті Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына есептік кезеңнен кейінгі айдың 14-күніне тапсырады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 28 желтоқсандағы
N 79 бұйрығына N 1 қосымша
Кіммен ұсынылады ___________________________________________________
____________________________________________________________________
МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
КОД ОКУД
N1-У нысанды есеп
Қайда ұсынылады ____________________________________________________
                                     атауы
____________________________________________________________________
Облыс, қала ________________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
"Бала асырап алу, соның ішінде Жарты жыл және жыл қорытындысы
шетел азаматтарының бала асырап бойынша ұсынылады:
алуы туралы мәліметтер" облыстардың, Астана, Алматы
N1-У нысанды статистикалық есеп қалаларының жергілікті атқарушы
органдарындағы уәкілетті білім
органдарымен ҚР БП Құқықтық
___________________ жылға статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеттің
аумақтық органдарына есептік
кезеңнен кейінгі айдың
10-күніне; Сыртқы істер
министрлігімен (консулдық қызмет
департаменті) және Комитеттің
аумақтық органдарымен Комитетке
есептік кезеңнен кейінгі айдың
12-күніне; Комитет Қазақстан
Республикасының
Бас прокуратурасына
есептік кезеңнен кейінгі
айдың 14 күніне.
Басшы_______________________________________
                 аты-жөні, қолы
"____"_______________________________ж.
Орындаушы___________________________________
                 аты-жөні, қолы
"____"_______________________________ж.
"Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап
алуы туралы мәліметтер" N1-У нысанды статистикалық есеп
А кестесі. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары бойынша
Ата­уы
Жол­дың ко­ды
Бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де
Ер­кек жы­ны­сты
Бар­лы­ғы
0-3 жастар ара­лы­ғы
4-7 жастар ара­лы­ғы
А
Б
1
2
3
4
Ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғы­нан тыс қал­ған, есеп­тік ке­зең­де анық­та­лып, есеп­ке алын­ған ба­ла­лар­дың са­ны
1
Асы­рап алу­ға жа­та­тын есеп­ке қой­ы­л­ған ба­ла­лар­дың са­ны
2
Асы­рап алын­ған ба­ла­лар­дың са­ны (сот­тар­дың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­шім­де­рі бой­ын­ша)
3
со­ның ішін­де
ҚР аза­мат­тығы бар туы­ста­ры­мен
4
ҚР аза­мат­тығы жоқ туы­ста­ры­мен
5
ҚР аза­мат­та­ры­мен
6
ше­тел­дік­тер­мен
7
со­ның ішін­де ТМД мү­ше-мем­ле­кет­те­рі­нің аза­мат­та­ры­мен
8
ба­ла асы­рап алу тоқ­та­ты­л­ған
9
кестенің жалғасы
Со­ның ішін­де
Ер­кек жы­ны­сты
8-18 жастар ара­лы­ғы
қа­зақ
орыс
өзге ұлт
ден­са­улы­ғы жақ­сы
пси­хо­ло­ги­я­лық және фи­зио­ло­ги­я­лық ауыт­қу­ла­ры бар
Бар­лы­ғы
5
6
7
8
9
10
11
кестенің жалғасы
Со­ның ішін­де
Әй­ел жы­ны­сты
0-3 жастар ара­лы­ғы
4-7 жастар ара­лы­ғы
8-18 жастар ара­лы­ғы
қа­зақ
орыс
өзге ұлт
ден­са­улы­ғы жақ­сы
пси­хо­ло­ги­я­лық және фи­зио­ло­ги­я­лық ауыт­қу­ла­ры бар
12
13
14
15
16
17
18
19
Басшы: (аты-жөні) __________________ қолы
Орындаушы: (аты-жөні) ______________ қолы
Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы
В кестесі. Сыртқы істер министрлігі бойынша
Ата­уы
Жол­дың ко­ды
Бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де
Ер­кек жы­ны­сты
Бар­лы­ғы
0-3 жастар ара­лы­ғы
4-7 жастар ара­лы­ғы
8-18 жастар ара­лы­ғы
А
Б
1
2
3
4
5
Асы­рап алу­ға бе­рі­л­ген және есеп­тік ке­зең­де кон­сул­дық есеп­ке қой­ы­л­ған ба­ла­лар­дың - ҚР аза­мат­та­ры­ның са­ны
1
со­ның ішін­де
ҚР аза­мат­тығы жоқ туы­ста­ры­мен
2
ше­тел­дік­тер­мен
3
со­ның ішін­де ТМД мү­ше-мем­ле­кет­те­рі­нің аза­мат­та­ры­мен
4
кестенің жалғасы
Со­ның ішін­де
Әй­ел жы­ны­сты
Бар­лы­ғы
0-3 жастар ара­лы­ғы
4-7 жастар ара­лы­ғы
8-18 жастар ара­лы­ғы
6
7
8
9

Қолданыстағы