Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в населенном пункте ферма № 1 Мынбулакского сельского округа Аягозского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в населенном пункте ферма № 1 Мынбулакского сельского округа Аягозского района
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылдық округінің № 1 ферма елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 02.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2013 AI72902_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VF002971
- ЭКБ идентификаторы
- 72902
- Редакция идентификаторы
- AI72902_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:08
0 Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылдық округінің № 1 ферма елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 333 ұсынысының негізінде, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылдық округінің № 1 ферма елді мекенінде мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушысына (А. Мұқанов), Аягөз аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысына (Д. Жұмақанов) міндетті ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыруын және жүргізуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Н. Молдашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушы
_______________ А. Мұқанов
2013 жылғы 02 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Аягөз аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы
_____________ Д. Жұмақанов
2013 жылғы 02 мамыр