О предоставлении помещений для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в депутаты в Талдыкорганский городской маслихат по избирательному округу № 1
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении помещений для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в депутаты в Талдыкорганский городской маслихат по избирательному округу № 1
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26-953
- Қабылданған күні
- 23.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 83585_150332.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DA002861
- ЭКБ идентификаторы
- 83585
- Редакция идентификаторы
- 83585_150332
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:30
0 Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін № 1 қосымшаға сәйкес шарттық негізде үй-жай берілсін.
2 2. Талдықорған қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша Дәулет Әбдібекұлы Жүнісов) бірлесіп, Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттар үшін № 2 қосымшаға сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
3
3. "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Малдыбай Молдабайұлы Қалиев) Талдықорған қалалық мәслихатына №1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Мәрлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Талдықорған қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Даулет Әбдібекұлы Жүнісов
6 Қала әкімдігінің 2014 жылғы
"23" қыркүйек "Талдықорған
қалалық мәслихатына № 1 сайлау
округі бойынша депутаттыққа
кандидаттардың сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жай беру
туралы және үгіттік баспа
материалдарын торналастыру
үшін орын белгілеу туралы"
№ 26-953 қаулысына
№ 1 қосымша
Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін
ҮЙ-ЖАЙЛАР
1.Талдықорған қаласы, Белов көшесі, № 123, Островский атындағы № 8 орта мектебінің акті залы.
2 2. Талдықорған қаласы, Мойнақ ауылы, Ақбұлақ көшесі, № 23, № 23 орта мектебінің акті залы.
8 Қала әкімдігінің 2014 жылғы
"23"қыркүйек "Талдықорған қалалық
мәслихатына № 1 сайлау округі
бойынша депутаттыққа кандидаттардың
сайлаушылармен кездесуі үшін
үй-жай беру туралы және үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін орын
белгілеу туралы" № 26-953 қаулысына
№ 2 қосымша
Талдықорған қалалық мәслихатына № 1 сайлау округі бойынша
депутаттыққа кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін
ОРЫНДАР