Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы отчета № ДТП-1 "О лицах, пострадавших в дорожно-транспортных происшествиях" и информационных учетных документов № ДТП-1 "Карточка учета дорожно-транспортного происшествия" и № ДТП-2 "Карточка на лицо, раненое или погибшее в дорожно-транспортном происшествии", а также Инструкции о порядке их заполнения

Бұйрық · № 78 · қабылданған 29.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-1-no-1-no-2/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы отчета № ДТП-1 "О лицах, пострадавших в дорожно-транспортных происшествиях" и информационных учетных документов № ДТП-1 "Карточка учета дорожно-транспортного происшествия" и № ДТП-2 "Карточка на лицо, раненое или погибшее в дорожно-транспортном происшествии", а также Инструкции о порядке их заполнения Күшін жойған Бұйрық ·№ 78 ·29.06.2012
22.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы отчета № ДТП-1 "О лицах, пострадавших в дорожно-транспортных происшествиях" и информационных учетных документов № ДТП-1 "Карточка учета дорожно-транспортного происшествия" и № ДТП-2 "Карточка на лицо, раненое или погибшее в дорожно-транспортном происшествии", а также Инструкции о порядке их заполнения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 78 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы отчета № ДТП-1 "О лицах, пострадавших в дорожно-транспортных происшествиях" и информационных учетных документов № ДТП-1 "Карточка учета дорожно-транспортного происшествия" и № ДТП-2 "Карточка на лицо, раненое или погибшее в дорожно-транспортном происшествии", а также Инструкции о порядке их заполнения
Атауы (қаз.)
"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 нысанды есепті, "Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы" № ЖКО-1 және "Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78
Қабылданған күні
29.06.2012
Көрсетілген редакция
22.12.2015 AI71874_1.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007831
ЭКБ идентификаторы
71874
Редакция идентификаторы
AI71874_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:54

0

"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 нысанды есепті, "Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы" № ЖКО-1 және "Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Көрсеткіштерді есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін жалпы  регламенттеу, есепке алу мәліметтерін пайдалану және жол қауіпсіздігі саласындағы жарақат алу және қаза болу бойынша есептік деректерді қалыптастыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Бекітілсін:

1 1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есебі;

2 2) Осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және  «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттары;

3

3) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті қалыптастыру, «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру тәртібі туралы Нұсқаулық;

4 4) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жол көлік оқиғасы салдарынан қаза болған және жарақаттанған адамдар туралы салыстыру актісі бекітілсін.

2

2. «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есеп нысанын және «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1, «Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адам туралы карточка» № ЖКО-2 нысандарын, сонымен қатар оларды толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 27, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 155 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 185 бірлескен бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 11 мамырдағы № 6942 тіркелді).

3 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2 2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрлерінің орынбасарларына қызмет бағыттары бойынша жүктелсін.

5 «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есебі

5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының              Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                          Ішкі істер Министрі
____________ А. Дауылбаев               __________ К. Қасымов
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Министрі
__________ С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Нысан
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есебі
Ата­уы
Жол-кө­лік оқи­ға­сы­ның бар­лы­ғы (бұ­дан әрі - ЖКО)
Со­ның ішін­де есеп­тік ке­зең­де ке­ліп түс­кен АЕҚ бой­ын­ша өт­кен жыл­да тір­кел­ген ЖКО са­ны
ЖКО сал­да­ры­нан за­рдап шек­кен адам­дар са­ны
Со­ның ішін­де есеп­тік ке­зең­де ке­ліп түс­кен АЕҚ бой­ын­ша өт­кен ке­зең­дер­де за­рдап шек­кен адам­дар са­ны
Жа­ра­қат­тан­ған­дар са­ны
Қа­за болған­дар са­ны
Бар­лы­ғы
ау­ру­ха­на­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған­дар са­ны
Ер адам­дар
Әй­ел адам­дар
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
Бар­лы­ғы
Ер адам­дар
Әй­ел адам­дар
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Ақ­тө­бе об­лы­сы
1
Ал­ма­ты қа­ла­сы
2
Ал­ма­ты об­лы­сы
3
Ақ­мо­ла об­лы­сы
4
Аста­на қа­ла­сы
5
Аты­рау об­лы­сы
6
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
7
Жам­был об­лы­сы
8
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
9
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
10
Қо­ста­най об­лы­сы
11
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
12
Маң­ғы­стау об­лы­сы
13
Пав­ло­дар об­лы­сы
14
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
15
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
16
Бар­лы­ғы
17
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Нысан
«Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 карточкасы (бұл карточка жол полициясы немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерімен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының (одан әрі – ҚСжАЕКБ) деректер банкінің толықтырылуы үшін толтырылады)
1. Кар­точ­ка нө­мі­рі /___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
2. Кар­точ­ка­ның ҚСжА­ЕКБ ке­ліп түс­кен кү­ні «_____» _________________ 20______ жыл
3. Ба­стап­қы тір­кеу: ӨАЕК (1), Әлі­п­би­лік жур­нал (2), Кі­ріс құ­жат­та­рын есеп­ке алу жур­на­лы (3), бас­қа да көз­дер (4), № ___________ «_____» _______________ 20_____ жыл
4. Жол-кө­лік оқи­ға­сы (одан әрі - ЖКО) болған күн  «____» ________________ 20___ жыл
5. ЖКО болған тәу­лік «_____» са­ғат «_____» ми­нут
6. ЖКО болған орын: ел­ді ме­кен (1), ел­ді ме­кен ата­уы _____________________________, кө­ше ата­уы­_________________; жол бой­ын­да (2), ха­лы­қа­ра­лық, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар (3), об­лы­стық, аудан­дық ма­ңы­зы бар (4).
7. Ки­ло­метр, метр, та­сжол № ______________________________________________________
8. ЖКО бо­луы­на сеп­ті­гін тигіз­ген жол жағ­дайы: жол жа­бы­ны­ның тү­рі: құр­ғақ (1), ла­стан­ған (2), жа­ңа­дан тө­сел­ген (3), же­ңіл-жел­пі өң­деу (4), тай­ғақ­тық­қа қар­сы ма­те­ри­ал­мен өң­дел­ген (5), қар үй­ін­ді­сі­мен (6), дым­қыл (7), қар бас­қан (8), мұз қа­тқан (9), жол жөн­деу ке­зін­де (10); жа­рық­тығы: күн­діз (11), ымырт уа­қы­ты (12) түн­де (13); қа­раң­ғы уа­қыт­та сырт­та­ғы жа­рық: қо­сы­л­ған (14), қо­сыл­ма­ған (15), жа­рық жоқ (16); кө­ше, жол эле­мент­те­рі: жол­дың ті­ке бө­лі­гі (17), кө­пір (жол өт­пе­сі) (18), ви­а­дук (19), эс­та­ка­да (20), қо­ғам­дық кө­лік­тің тоқ­тай­тын ай­ма­ғы (21), жа­яу жүр­гін­ші­лер­ге ар­нал­ған жол (22), рет­те­ле­тін кө­ше қиы­лы­сы (23), рет­тел­мей­тін кө­ше қиы­лы­сы (24), шлаг­баум қой­ы­л­ған те­мір­жол өт­ке­лі (25), шлаг­баум қой­ыл­ма­ған те­мір­жол өт­ке­лі (26).
9. Жол то­ра­бын­да анық­тал­ған кем­ші­лік­тер: тай­ғақ жа­бын (1), те­гіс емес жа­бын (2), жол­дың дағ­ды­лы­лы­ғы (3), ой­дым­дар (4), жол жи­егі­нің қа­на­ғат­тан­дыр­май­тын жағ­дайы (5), жол өт­пе­сі қа­ра­ны­мы­ның жол кең­ді­гіне сәй­кес кел­ме­уі (6), те­мір­жол өт­ке­лі­нің ұсы­ны­л­ған та­лап­тар­ға сай кел­ме­уі (7), аға­штар (8), жа­рық­тан­ды­ру шам­да­ры­ның ті­ре­гі (қа­ғып өту, кө­ру мүм­кін­ді­гі шек­те­улі болған жағ­дай­да) (9), жа­я­у­жол­дың жоқ­тығы (10), жа­яу жүр­гін­ші­лер­ге ар­нал­ған жол­дың жоқ­тығы (11), қа­уіп­ті ай­мақ­тар­да қор­ша­удың бол­мауы (12), жол бө­лі­гі­нің жет­кі­лік­сіз жа­рық­тан­ды­ры­луы (13), жұ­мыс өн­ді­рі­сі орын­да­рын­да қор­ша­удың және бел­гі бе­ру құ­рал­да­ры­ның бол­мауы (14), жол бел­гі­ле­рі­нің жоқ­тығы неме­се олар­дың дұ­рыс қол­да­ныл­мауы (15), жол қоз­ға­лы­сын қам­та­ма­сыз ете­тін тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың ақа­уы неме­се олар­дың на­шар кө­рі­нуі (16), жол бел­гі­ле­уі­нің жоқ­тығы неме­се оның на­шар кө­рі­нуі (17), бас­қа да жағ­дай­лар(18), жоқ­тығы (19).
10. Ауа-райы жағ­дай­ла­ры: ашық (1), бұлт­ты (2), тұ­ман (3), жа­уын (4), қар (5).
11. ЖКО тү­рі: қар­сы соқ­тығ­ы­су (1), бүй­і­рі­мен соқ­тығ­ы­су (2), жол-жө­не­кей соқ­тығ­ы­су (3), жо­ла­у­шы­ның құ­ла­уы (4), ауда­ры­лу (5), тоқ­тап тұр­ған кө­лік құ­ра­лын қа­ғып өту (одан әрі – КҚ) (6), ке­дер­гі­лер­ді қа­ғып өту (7), жа­яу жүр­гін­ші­ні қа­ғып өту (8), ве­ло­си­пед жүр­гі­зу­ші­сін қа­ғып өту (9), же­гін кө­лік­ті қа­ғып өту (10), жа­ну­ар­ды қа­ғып өту (11), бас­қа да оқи­ға түр­ле­рі (12).
12. Жол қоз­ға­лы­сы ере­же­сін бұ­зу (одан әрі - ЖҚЕ): ЖҚЕ неме­се жол бел­гі­ле­рі­мен бел­гі­лен­ген жыл­дам­дық­тан асы­ру (1), рет­теу бел­гі бе­ру­ле­ріне ба­ғын­бау, жол бел­гі­ле­рі мен бел­гі қою та­лап­та­рын сақ­та­мау (2), адам та­сы­мал­дау (3), ма­невр­ле­ну (4), жа­яу жүр­гін­ші­лер жо­лы­мен жү­ріп өту (5), қо­ғам­дық кө­лік­тер­дің тоқ­тай­тын тұ­рақ­та­ры­нан өту (6), жа­рық бе­ру құ­рал­да­рын қол­да­ну (7), жү­ру ке­зін­де ар­тық­шы­лық құқық­та­ры бе­рі­л­ген КҚ ке­дер­гі­сіз жү­ру мүм­кін­ді­гін бе­ру (8), КҚ тоқ­та­уы және тұ­ра­ғы (9), те­мір­жол өт­кел­де­рі­нен өту (10), жүк та­сы­мал­дау (11), бук­сир­леу (12), қа­ра­ма-қар­сы жол қоз­ға­лы­сы сызығ­ы­на шы­ғу (13), ба­сып озу ере­же­сін бұ­зу (14), жү­ру ке­зек­ті­лі­гін сақ­та­мау, жол қиы­лы­ста­ры­нан өту ере­же­ле­рін бұ­зу (15), ара-қа­шық­тық­ты сақ­та­мау (16), жөн­деу жұ­мыста­ры жүр­гі­зіл­ме­ген, пай­да­ла­ну­ға тый­ым са­лын­ған КҚ-мен жү­ру (17), шар­ша­ған күй­де, жол жү­ру үст­ін­де ұй­қы­ға ке­ту (18), жүр­гі­зу­ші­лер, ве­ло­си­пед­ші­лер және та­су­шы­лар­дың бас­қа да бұ­зу­шы­лық­та­ры (19), бел­гі­лен­бе­ген орын­да жа­яу жүр­гін­ші­нің жол­дан өтуі (20), жол жү­ре­тін бө­лік­те­гі ой­ын (21), ере­сек адам­ның же­те­гін­сіз жол­дан өт­кен 7 жас­қа дей­ін­гі жо­ла­у­шы  (22), жа­яу жүр­гін­ші­лер­мен ЖҚЕ  бұ­зу­дың бас­қа да түр­ле­рі (23).
13. ЖКО қа­тыс­қан кө­лік құ­рал­да­ры­ның са­ны: ________________________________________
14.
КҚ са­на­ты
Руль бас­қа­руы­ның ор­на­ла­суы (оң/сол)
КҚ мем­ле­кет­тік нө­мі­рі
КҚ мар­ка­сы, мо­де­лі, шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Жүр­гі­зу­ші­нің аты-жө­ні (одан әрі аты-жө­ні) Ту­ған кү­ні
Жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі­нің №
Жо­ла­у­шы­лар са­ны
15. ЖКО фа­бу­ла­сы: ________________________________________________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
16. Са­ны: жа­ра­қат­тан­ған­дар __________________ (1), қа­за болған­дар ____________ (2).
17. ЖКО кінә­лі қа­ты­су­шы­сы: КҚ ти­іс­ті са­на­ты бой­ын­ша жүр­гі­зу­ші құқы­ғы бар (1), жүр­гі­зу­ші құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған (2), жүр­гі­зу­ші құқы­ғы жоқ (3), ЖКО ор­ны­нан жа­сы­рын­ған (4), жа­яу жүр­гін­ші (5), ве­ло­си­пед­ші неме­се та­су­шы (6).
18. ЖКО-ға кінә­лі адам­ның ма­саңды­ғы­ның тү­рі: сау күй­де (1), ал­ко­голь­дік ма­саң­дық (2), есірт­кі­лік ма­саң­дық (3), уыт­құ­мар­лық ма­саң­дық (4).
19. Кінә­лі жа­яу жүр­гін­ші, ве­ло­си­пед­ші, та­су­шы ту­ра­лы мә­лі­мет (Т.А.Ә., ту­ған кү­ні):
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
сау күй­де (1), ал­ко­голь­дік ма­саң­дық (2), есірт­кі­лік ма­саң­дық (3), уыт­құ­мар­лық ма­саң­дық (4)
20. Кар­точ­ка­ны тол­тыр­ған ЖПБ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы және қо­лы
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
21. Кар­точ­ка­ны қа­был­да­ған ҚСжА­ЕКБ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы және қо­лы
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438
бірлескен бұйрығына 3-қосымша
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 карточкасы (бұл карточка жол полициясы немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерімен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының (одан әрі – ҚСжАЕКБ) деректер банкінің толықтырылуы үшін толтырылады)
1. Кар­точ­ка нө­мі­рі /___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
2. Кар­точ­ка­ның ҚСжА­ЕКБ ке­ліп түс­кен кү­ні «_____» _________________ 20______ жыл.
3. Жол-кө­лік оқи­ға­сы (одан әрі - ЖКО) болған күн  және тәу­лік уа­қы­ты «____»
_____________________________ 20_____ жыл «____________» са­ғат «__________» ми­нут.
4. За­рдап ше­гу­ші орын ал­ған кө­лік құ­ра­лы­ның (бұ­дан әрі – КҚ) рет­тік нө­мі­рі (№ ЖКО-1
кар­точ­ка­сы­ның 11-тар­ма­ғы­на сәй­кес КҚ нө­мір­леу, жа­яу жүр­гін­ші­лер және қоз­ға­лы­стың өзге
қа­ты­су­шы­ла­ры үшін «0» қой­ы­ла­ды):____________________________________________________
5. ЖКО қа­ты­су­шы­сы: жа­яу жүр­гін­ші (1), кө­лік жүр­гі­зу­ші­сі (2), жо­ла­у­шы (3), ве­ло­си­пед­ші
(4), та­су­шы (5).
6. Қа­уіп­сіз­дік бел­бе­уі/дулы­ға: та­ғы­л­ған (1)/ки­ген (2), та­ғыл­ма­ған (3)/ки­ме­ген (4), анық­тал­ма­ған (5).
7. Ба­ла­ны ұстап тұ­ру­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­ның бо­луы: бар (1), жоқ (2), со­ның ішін­де
ба­ла­ны ұстап тұ­ру құ­ры­л­ғы­сы­ның бел­бе­уі та­ғы­л­ған (3), та­ғыл­ма­ған (4), анық­тал­ма­ған (5).
8. КҚ жо­ла­у­шы­сы­ның ор­на­лас­қан же­рі: орын анық­тал­ма­ған (1), ал­дың­ғы орын­да (2), сол
жақ арт­қы орын­да (3), оң жақ арт­қы орын­да (4), арт­қы орын­ның ор­таң­ғы бө­лі­гін­де (5),
бе­сік ар­ба­да (6).
9. ЖКО-да за­рдап шек­кен адам ту­ра­лы мә­лі­мет: жа­ра­қат­тан­ған (1), қа­за бол­ды (2),
со­ның ішін­де бел­гі­сіз адам (3).
10. ЖКО-да за­рдап шек­кен адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бұ­дан әрі – Т.А.Ә.):

Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты
11. Жы­ны­сы: ер адам (1), әй­ел адам (2).
12. Ту­ған кү­ні: «_____________» ______________________________________________ жыл.
13. Аза­мат­тығы: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты (1), Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер
До­ста­стығы ел­де­рі­нің аза­ма­ты (2), ше­тел аза­ма­ты (3), аза­мат­тығы жоқ адам (4).
14. Жа­сы: 6 жас­қа дей­ін (1), 7-13 жас (2), 14-17 жас (3), 18-20 жас (4), 21-29 жас
(5), 30-39 жас (6), 40-49 жас (7), 50-59 жас (8), 60 жас және жо­ға­ры (9).
15. Әле­умет­тік мәр­те­бе­сі: әс­ке­ри қыз­мет­кер (1), зей­нет­кер (2), жұ­мыс­шы (3),
мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер (4), құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­ке­рі (5), жұ­мыс­сыз (6),
бас­қа­лар (7).
16. Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің тү­рі: про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры (1), іш­кі
іс­тер ор­ган­да­ры (2), қар­жы по­ли­ци­я­сы ор­ган­да­ры (3), қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің
ор­ган­да­ры (4), мем­ле­кет­тік өрт­ке қар­сы қыз­мет ор­ган­да­ры (5), ке­ден ор­ган­да­ры (6).
17. Кар­точ­ка­ны тол­тыр­ған ЖПБ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы және қо­лы ____________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
18. Жыр­тыл­ма­лы та­лон­ды ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­ге тап­сыр­ған күн «_____» ______ 20___ жыл
19. Ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме ата­уы: ______________________________________________________
20. За­рдап шек­кен адам­ның ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­ге ке­ліп түс­кен кү­ні: «___» ___ 20_ жыл
21. Жыр­тыл­ма­лы та­лон­ды қа­был­да­ған ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы
және қо­лы _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
22. Кар­точ­ка­ны қа­был­да­ған ҚСжА­ЕКБ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы және қо­лы
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
---------------------------------------------------------------------
ЖЫРТЫЛМАЛЫ ТАЛОН
(медициналық қызметкер (стационардың қабылдау бөлімінің,
травматология бөлімінің, амбулаторлық емхана мекемесінің
травматология және/немесе хирургия кабинеттерінің қызметкерлері)
ҚСжАЕКБ деректер банкінің толықтырылуы үшін толтырылады)
1. Кар­точ­ка нө­мі­рі /___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
2. Жыр­тыл­ма­лы та­лон­ды тап­сыр­ған  ЖПБ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы және қо­лы
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
3. ЖКО-да жа­ра­қат­тан­ған (1), қа­за болған (4) адам­ның аты-жө­ні: ______________________
4. За­рдап шек­кен адам­да ал­ко­голь­дік неме­се есірт­кі­лік ма­саң­дық­тың бел­гі­ле­рі: же­ңіл
(1), ор­та­ша (2), ауыр (3) __________________________________________________________
5. Ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­тіл­ді: ам­бу­ла­тор­лық (1), ста­ци­о­нар­лық (2): ________________
6. Көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің кө­ле­мі: ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­тіл­ді (1),
ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зыл­ды (2), ау­ру­ха­на­ға жа­ту­дан бас тарт­ты (3), ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тен
бас тарт­ты (4):_______________________________________________________________­_­_­_­_­__
7. За­рдап шек­кен адам­ның ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­ге ке­ліп түс­кен кү­ні: «_____» ___20___ жыл
8. За­рдап шек­кен адам жағ­дай­ы­ның ауыр­лық дең­гейі:  же­ңіл (1), ор­та­ша (2), ауыр (3)___
9. За­рдап шек­кен адам­ның ди­а­гно­зы (неме­се қа­за бо­лу се­бе­бі) _________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
10. Жыр­тыл­ма­лы та­лон­ды тол­тыр­ған ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме ата­уы ___________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
11. Ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­нің мө­рі­мен рас­тал­ған, жыр­тыл­ма­лы та­лон­ды тол­тыр­ған ме­ди­ци­на­лық
ме­ке­ме қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы және қо­лы ___________________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
12. Кар­точ­ка­ны қа­был­да­ған ҚСжА­ЕКБ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы және қо­лы
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 78
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 378
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 438
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
«Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1, «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 нысанды ақпараттық есепке алу құжаттарын және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті қалыптастыру бойынша Нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық авария және жол-көлік жарақаты, адам өлімі көрсеткіштерін есепке алуды бейнелейтін «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есептің (одан әрі – есеп) нысанын қалыптастыру, «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 карточкасын және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 нысанды ақпараттық есепке алу құжаттарын (одан әрі – АЕҚ) толтыру үшін берілген.

2 2. Бұл жұмыс авария, жол-көлік жарақаты, адам өлімі фактілері құжаттамалық түрде рәсімделгеннен кейін ескеріледі.

3 3. Жол-көлік оқиғасы (одан әрі – ЖКО) – бұл жол бойында көлік құралының (одан әрі – КҚ) қозғалысы процессінде және соның қатысуымен пайда болған, нәтижесінде адамдар қаза болған немесе жарақаттанған, көліктер мен жүктер қираған немесе өзге де материалды залал келтірілген оқиға.

4 4. Қаза болған адам – ЖКО орнында алынған жарақаттардан қаза болған немесе оқиға болған сәттен бастап өлімі отыз тәулік ішінде құжаттамалық нақтыланған және жол-көлік оқиғасы арасындағы себеп-салдар байланысында қаза болған адам.

5 5. Жарақаттанған – жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысқа жарамсыз болып табылатын немесе ауруханаға жатқызылатын, не болмаса бірінші жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін, кем дегенде бір күн амбулаторлық ем қабылдау тағайындалған дене жарақатын алған адам.

6 6. Басқа уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті әскери полициясының автокөлік инспекциясы органдарының бөлімшелері болып табылады.

7 7. Есептілікке адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын (дене жарақаттары) туғызған жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер ғана енгізіледі.

8 8. Есептілікке келесі мәліметтер енгізілмейді:

кәсіпорындардың, ұйымдардың, аэродромдар, әскери бөлімдер және басқа да объектілердің қоршалған және қорғалған аумағында;
КҚ-ның қозғалуына арналмаған іргелес аумақтарда (алаңдар, тұрғын-үй массивтері, автотұрақтар, автоқұйғыштар, гараждар);
автомобильдік немесе мотоциклдік іс-шаралар өткізу кезінде (жарыстар, дайындықтар) көрермендер, қатысушылар және спорт іс-шараларына қызмет көрсету персоналы зардап шеккен жағдайда;
көлік құралдарымен адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға жатпайтын  технологиялық өндірістік операциялар өткізген кезде (оржолды салу, ауылшаруашылық жұмыстар өндірісі, ағаш дайындау, жүк тиеу-түсіру жұмыстары, мачталарды, тіреуішті орнату);
табиғи апат кезінде;
қауіпсіздік техникасын және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған кезде (қозғалғыштың қосылуы, көлік құралдарын, механизмдерді, жабдықтарды ілестіру-ағыту кезінде);
өзіне-өзі қол жұмсау немесе есі дұрыс емес жағдайда жасалған әрекеттер кезінде;
азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қол сұғу немесе мүліктік залал келтіруге бағытталған әрекеттер кезінде;
жолдан тыс жағдайларда жасалған ЖКО туралы.

9 9. ЖКО және оның жасалу нәтижесіндегі салдарын есепке алуды аумақтық ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері (одан әрі – жол полициясы органдары) жүзеге асырады.

10 10. Медициналық ұйымдар (мекемелер) меншік түріне қарамастан, мәліметтерді есепке алып:

ЖКО нәтижесінде жарақат алғандар, ЖКО болған орын немесе тұрғылықты орны бойынша жүгінгендер немесе медициналық көмек көрсету үшін жолданған тұлғалар және медициналық көмек үшін басқа медициналық ұйымдарға жолданған тұлғалар туралы;
ЖКО сәтінен бастап «қаза болған» түсінігінде белгіленген мерзім ішінде қаза болған тұлғалар туралы жол полициясы органдарына, ал ауылды аймақтарда ішкі істер органдарына дереу жазбаша немесе телефонограммамен хабарлайды.

11

11. Авария және жол-көлік жарақаттары, адам өлімі көрсеткіштерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі – ҚСжАЕК) және оның аумақтық органдарымен (одан әрі – ҚСжАЕКБ), аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда орналасқан ҚСжАЕБ-ның топтары есепке алады.
АЕҚ кез келген деректемесі бойынша есепті іздей және қалыптастыра отырып, республикалық деректер мен есептерге қашықтан қатынау арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық қамтамасыз етуін ҚСжАЕК жүзеге асырады.

12 12. ҚСжАЕКБ АЕҚ құрудың толықтығы мен дұрыстығына, оларда бейнеленетін ақпараттардың дұрыстығына, уақытында ұсынылуына бақылауды жүргізеді.

13 13. ҚСжАЕК мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, АЕҚ әзірлейді және бірыңғай нысанын енгізеді.

2 2. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есептің (одан әрі – есеп) нысанын қалыптастыру, «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 карточкасын және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 нысанды ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру тәртібі

14 14. Есеп нысанын қалыптастыру «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 (бұдан әрі – № ЖКО-1 АЕҚ) және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 карточкалары (бұдан әрі – № ЖКО-2 АЕҚ) негізінде жүзеге асырылады.

15 15. Әрбір ЖКО-ға арналып № ЖКО-1 АЕҚ толтырылады және ЖКО-дан зардап шеккен әр тұлғаға № ЖКО-2 АЕҚ толтырылады.

16

16. № ЖКО-1 және № ЖКО-2 нысанды АЕҚ қатаң түрде ЖКО материалдарына сәйкес толтырылады және ЖКО болғаннан кейін 3 тәулік ішінде есептілікті қалыптастыратын жол полициясы қызметкері, қажет жағдайда, басқа да уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда орналасқан ҚСжАЕКБ-ға, ҚСжАЕКБ аумақтық топтарына ұсынады.

17

17. Медициналық ұйымдар жыртылмалы талонды ҚСжАЕКБ-ға (аудандық және оған теңестірілген прокуратураларда орналасқан ҚСжАЕКБ топтарына) ЖКО болған сәттен бастап 5 күн ішінде ұсынады. ҚСжАЕКБ қызметкерлері (ҚСжАЕКБ топтары) қабылданған АЕҚ-ның және жыртылмалы талондардың негізінде олардың тіркелуін, автоматтандырылған өңделуін және авария, сондай-ақ, жол-көлік жарақаты көрсеткіштерінің қалыптасуын (есепке алынуын) қамтамасыз етеді.

18 18. Жол полициясы органдарында немесе аудандық ішкі істер органдарында жауапты қызметкерлер АЕҚ-ын қағаз жүзінде түсінікті етіп, шималаусыз және түзетулерсіз, баспа әріптерімен, көк немесе қара сиямен, қолмен немесе компьютер арқылы толтырады.

19

19. ҚСжАЕКБ АЕҚ-ның негізінде келіп түсетін мәліметтерді ҚСжАЕК «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе» (ББСЖ) (бұдан әрі – ББСЖ АДБ) автоматтандырылған деректер банкіне олардың келіп түскен сәтінен электрондық режимде 24 сағаттан кешіктірмей жолдау арқылы жергілікті ақпараттық деректер базасын қалыптастырады.

20 20. АЕҚ қамтылған ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығын АЕҚ толтырған қызметкер және АЕҚ қол қойған жол полициясы органының лауазымды тұлғасы қамтамасыз етеді.

21 21. АЕҚ ББСЖ АДБ-не уақытында енгізіун ҚСжАЕКБ-ның тиісті қызметкері қамтамасыз етеді.

3 3. № ЖКО-1 АЕҚ толтыру

22 22. № ЖКО-1 АЕҚ-ның деректемелері мынадай тәртіпте толтырылады:

1-деректемеде бірінші жұп болып – карточканы толтырған жыл, екінші жұбы – облыстар, Астана, Алматы қалаларының коды, үшінші – ауданның немесе қаланың коды, төртінші – ведомство коды, тоғызыншы санда – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) ЖПБ-ның ЖКО есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді және ол сандық түрде толтырылады;
2-деректемеде карточканың ҚСжАЕКБ келіп түскен күні көрсетіледі;
3-деректемеде жол полициясы органының Өтініштерді есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) (1), Әліпбилік журналға (2), Кіріс құжаттарын есепке алу журналында (3), басқа да көздерге (4) тиісті кодировканы белгілей отырып, басқа мәліметтердің бастапқы тіркелуі туралы ақпарат белгіленеді;
4-деректемеде ЖКО-ның болған күні (санмен көрсетіледі: бірінші сан - 01, он бесінші - 15, айы - 01-қаңтар, 12 - желтоқсан, жылы – 2011 ж.) көрсетіледі;
5-деректемеде ЖКО болған тәулік уақыты (санмен көрсетіледі және 00 сағаттан 23 сағатқа дейін жүргізіледі);
6-деректемеде елді мекенде (1) елді мекен, көше атауы, жол бойында (2), халықаралық, республикалық маңызы бар (3), облыстық, аудандық маңызы бар (4) болған ЖКО тиісті коды қойылған мәтінде жазылады, жолда болған ЖКО орны (елді мекен аумағы бойынша өтілетін жолдарды қоспағанда ЖКО жолда болған кезде толтырылады);
7-деректемеде тасжолдың километрі, метрі, № көрсетіледі.
8-деректемеде жол жағдайы: жол жабынының түрі: құрғақ (1), ластанған (2), жаңадан төселген (3), жеңіл-желпі өңдеу (4), тайғақтыққа қарсы материалмен өңделген (5), қар үйіндісімен (6), дымқыл (7), қар басқан (8), мұз қатқан (9), жол жөндеу кезінде (10); жарықтығы: күндіз (11), ымырт уақыты (12) түнде (13); қараңғы уақытта сырттағы жарық: қосылған (14), қосылмаған (15), жарық жоқ (16); көше, жол элементтері: жолдың тіке бөлігі (17), көпір (жол өтпесі) (18), виадук (19), эстакада (20), қоғамдық көліктің тоқтайтын аймағы (21), жаяу жүргіншілерге арналған жол (22), реттелетін көше қиылысы (23), реттелмейтін көше қиылысы (24), шлагбаум қойылған теміржол өткелі (25), шлагбаум қойылмаған теміржол өткелі (26).
9-деректемеде жол торабында анықталған кемшіліктер көрсетіледі: тайғақ жабын (1), тегіс емес жабын (2), жолдың дағдылылығы (3), ойдымдар (4), жол жиегінің қанағаттандырмайтын жағдайы (5), жол өтпесі қаранымының жол кеңдігіне сәйкес келмеуі (6), теміржол өткелінің ұсынылған талаптарға сай келмеуі (7), ағаштар (8),  жарықтандыру шамдарының тірегі (қағып өту, көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда) (9), жаяужолдың жоқтығы (10), жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы (11), қауіпті аймақтарда қоршаудың болмауы (12), жол бөлігінің жеткіліксіз жарықтандырылуы (13), жұмыс өндірісі орындарында қоршаудың және белгі беру құралдарының болмауы (14), жол белгілерінің жоқтығы немесе олардың дұрыс қолданылмауы (15), жол қозғалысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың ақауы немесе олардың нашар көрінуі (16), жол белгілеуінің жоқтығы немесе оның нашар көрінуі (17), басқа да жағдайлар (18), жоқтығы (19).
10-деректемеде ауа-райы жағдайлары: ашық (1), бұлтты (2), тұман (3), жауын (4), қар (5) көрсетіледі.
11-деректемеде ЖКО түрі тиісті кодировка арқылы көрсетіледі: қарсы соқтығысу (1), бүйірімен соқтығысу (2), жол-жөнекей соқтығысу (3), жолаушының құлауы (4), аударылу (5), тоқтап тұрған көлік құралын қағып өту (одан әрі – КҚ) (6), кедергілерді қағып өту (7), жаяу жүргіншіні қағып өту (8), велосипед жүргізушісін қағып өту (9), жегін көлікті қағып өту (10), жануарды қағып өту (11), басқа да оқиға түрлері (12).
12-деректемеде Жол қозғалысы ережесін одан әрі – (ЖҚЕ) бұзудың түрлері: ЖҚЕ немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтан асыру (1), реттеу белгі берулеріне бағынбау, жол белгілері мен белгі қою талаптарын сақтамау (2), адам тасымалдау (3), маневрлену (4), жаяу жүргіншілер жолымен жүріп өту (5), қоғамдық көліктердің тоқтайтын тұрақтарынан өту (6), жарық беру құралдарын қолдану (7), жүру кезінде артықшылық құқықтары берілген КҚ кедергісіз жүру мүмкіндігін беру (8), КҚ тоқтауы және тұрағы (9), теміржол өткелдерінен өту (10), жүк тасымалдау (11), буксирлеу (12), қарама-қарсы жол қозғалысы сызығына шығу (13), басып озу ережесін бұзу (14), жүру кезектілігін сақтамау, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу (15), ара-қашықтықты сақтамау (16), жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, пайдалануға тыйым салынған КҚ-мен жүру (17), шаршаған күйде, жол жүру үстінде ұйқыға кету (18), жүргізушілер, велосипедшілер және тасушылардың басқа да бұзушылықтары (19), белгіленбеген орында жаяу жүргіншінің жолдан өтуі (20), жол жүретін бөліктегі ойын (21), ересек адамның жетегінсіз жолдан өткен 7 жасқа дейінгі жолаушы (22), жаяу жүргіншілермен ЖҚЕ  бұзудың басқа да түрлері (23) тиісті кодировкамен белгіленеді;
13-деректемеде ЖКО-нда болған көліктердің саны көрсетіледі;
14-деректемеде рульдік басқарудың санаты мен орналасуы (оң жақта, сол жақта), мемлекеттік нөмірі, маркасы мен моделі, жүргізушінің аты-жөні, жүргізу куәлігінің нөмірі және жолаушылар саны көрсетіледі (көліктің санаты, маркасы, моделі және мемлекеттік нөмірі олардың кодификаторына сәйкес толтырылады және мәтінмен жазылады). Егер ЖКО қатысқан көліктердің саны үшеуден көп болса, онда АЕҚ-ның артқы жағына қағаз жүзінде қалған КҚ-на ұқсас мәліметтер толтырылады;
15-деректеме ЖКО фабуласын қамтиды, мұнда авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы көліктің маневрленуі және ЖКО пайда болуын туғызған жол қозғалысына қатысушылардың әрекеттері қоса көрсетіледі;
16-деректемеде жарақаттанғандар (1), қаза болғандар (2), саны көрсетіледі;
17-деректемеде ЖКО–на кінәлі қатысушысы көрсетіледі: КҚ тиісті санаты бойынша жүргізуші құқығы бар (1), жүргізуші құқығынан айырылған (2), жүргізуші құқығы жоқ (3), ЖКО орнынан жасырынған (4), жаяу жүргінші (5), велосипедші немесе тасушы (6).
4-мәнін толтырған кезде ЖКО-ға қатысқан көлік құралын көрсету міндеттелмейді. ЖКО жасау жағдайлары, оның жасалуына кінәлі адам анықталғанда, жол полициясы органдары ҚСжАЕКБ мекенжайына барлық статистикалық деректер көрсетілген түзету хатын жолдайды.
18-деректемеде ЖКО-ға кінәлі адамның масаңдығының түрі көрсетіледі: масаңдық белгілері жоқ сау күйінде (1), алкогольдік масаңдық (2), есірткілік масаңдық (3), уытқұмарлық масаңдық (4).
19-деректемеде кінәлі жаяу жүргінші, велосипедші, тасушы туралы мәлімет (Т.А.Ә., туған күні): сау күйде (1), алкогольдік масаңдық (2), есірткілік масаңдық (3), уытқұмарлық масаңдық (4) болып көрсетіледі.
карточканы толтырған жол полициясы органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен қолы 20-деректемеде көрсетіледі;
ҚСжАЕКБ карточканы қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен қолы 21-деректемеде көрсетіледі.

4 4. № ЖКО-2 АЕҚ толтыру

23 23. № ЖКО-2 АЕҚ екі бөлімнен тұрады: тұлғаға арналған карточка мен жыртылмалы талон және олар келесі түрде толтырылады:

1-деректемеде бірінші жұп болып – карточканың толтырылған жылы, екінші жұбы – облыстар, Астана, Алматы қалаларының коды, үшіншісі – ауданның немесе қаланың коды, төртінші – ведомство коды, тоғызыншы санда – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) жол полициясы органының ЖКО-ын есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді және ол сандық түрде толтырылады;
2-деректемеде карточканың ҚСжАЕКБ келіп түскен күні көрсетіледі;
3-деректемеде ЖКО-ның болған күні (санмен көрсетіледі: бірінші сан - 01, он бесінші - 15 және т.б., айы - 01-қаңтар, 12-желтоқсан, жылы – 2012 ж., және т.б., ЖКО болған тәулік санмен көрсетіледі және 00 сағаттан 23 сағатқа дейін жүргізіледі);
4-деректемеде зардап шеккен адам отырған көліктің реттік нөмірі көрсетіледі (№ЖКО-1 карточкасы 11-тармақта көрсетілген КҚ нөмірленуіне сәйкес, жол қозғалысының жолаушылары мен басқа да қатысушыларына «0» қойылады);
5-деректемеде ЖКО қатысушысы көрсетіледі: жаяу жүргінші (1), көлік жүргізушісі (2), жолаушы (3), велосипедші (4), тасушы (5).
6-деректемеде қауіпсіздік белбеуі тағылған (1), тағылмағаны (3), дулығаны киген (2), кимегені (4), анықталмағаны (5) көрсетіледі.
7-деректемеде баланы ұстап тұруға арналған құрылғының болуы: бар (1), жоқ (2), бұл ретте, баланы ұстап тұру құрылғысының белбеуі тағылған (3), тағылмаған (4), анықталмаған (5) болып көрсетіледі.
8-деректемеде КҚ жолаушысының орналасқан жері: орын анықталмаған (1), алдыңғы орында (2), сол жақ артқы орында (3), оң жақ артқы орында (4), артқы орынның ортаңғы бөлігінде (5), бесік арбада (6) болып көрсетіледі.
9-деректеме ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет көрсетіледі: жарақаттанған (1), қаза болды (2), соның ішінде белгісіз адам (3).
Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адам туралы мәліметтер анықталған жағдайда, жол полициясы органдары ҚСжАЕБ мекенжайына оның сауалнама деректерін, жасын және азаматтығын көрсете отырып, реттеу хатын жолдайды.
10-деректеме тұлға туралы мәліметтерді қамтиды: ЖКО-нан зардап шеккендердің тегі, аты және әкесінің аты;
11-деректемеде жынысы тиісті мәнде көрсетіледі: 1 – ер адам, 2 – әйел адам;
12-деректемеде зардап шеккеннің туған жылы, айы, күні көрсетіледі;
13-деректемеде зардап шеккеннің азаматтығы туралы ақпараттар көрсетіледі: Қазақстан Республикасының азаматы (1), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің азаматы (2), шетел азаматы (3), азаматтығы жоқ адам (4).
14-деректемеде зардап шеккеннің жасы көрсетіледі: жасы: 6 жасқа дейін (1), 7-13 жас (2), 14-17 жас (3), 18-20 жас (4), 21-29 жас (5), 30-39 жас (6), 40-49 жас (7), 50-59 жас (8), 60 жас және жоғары (9).
15-деректемеде әлеуметтік мәртебесі: әскери қызметкер (1), зейнеткер (2), жұмысшы (3), мемлекеттік қызметкер (4), құқық қорғау органдарының қызметкері (5), жұмыссыз (6), басқалар (7) көрсетіледі.
16-деректемеде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің түрі: прокуратура органдары (1), ішкі істер органдары (2), қаржы полициясы органдары (3), қылмыстық-атқару жүйесі органдары (4), мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары (5), кеден органдары (6) көрсетіледі.
карточканы толтырған жол полициясы органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты 17-деректемеде көрсетіледі;
18-деректемеде жыртылмалы талонды медициналық ұйымға тапсырған күні көрсетіледі;
19-деректемеде медициналық ұйымның атауы көрсетіледі;
20-деректемеде зардап шеккеннің медициналық ұйымға келіп түскен күні белгіленеді;
жыртылмалы талонды қабылдаған медициналық ұйым қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және қолы 21-деректемеде көрсетіледі;
карточканы қабылдаған ҚСжАЕБ қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және қолы 22-деректемеде көрсетіледі.

24

24. Жыртылмалы талонды жол полициясы қызметкерлері медициналық ұйымға береді және медициналық қызметкер (стационардың қабылдау бөлімінің, травматология бөлімінің, амбулаторлық емхана мекемесінің травматология және/немесе хирургия кабинеттерінің қызметкерлері) ҚСжАЕКБ деректер банкінің толықтырылуы үшін үшін толтырады:
ЖКО орнында қаза болған адамға – жыртылмалы талонды алған сәтінен бастап 24 сағат ішінде;
ЖКО-да жарақат алып, ауруханаға орналастырылған адамға – зардап шеккен адамды ауруханаға орналастырған сәттен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей.

25 25. Медицина қызметкерлері жыртылмалы талонды толтырғаннан кейін 5 тәулік ішінде мәліметтерді автоматтандырылған деректер банкіне енгізу үшін ҚСжАЕКБ-ға (ҚСжАЕКБ топтарына) жолдайды.

26 26. Жыртылмалы талонның деректемелері келесідей толтырылады:

1-деректемеде бірінші жұп болып – карточканы толтырған жыл, екінші жұбы – облыстар, Астана, Алматы қалаларының коды, үшінші – ауданның немесе қаланың коды, төртінші – ведомство коды, тоғызыншы санда – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) жол полициясы органының ЖКО-ын есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді және ол сандық түрде толтырылады;
талонды тапсырған жол полициясы органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты 2-деректемеде көрсетіледі;
3-деректемеде жарақаттанған (1) және қаза болған (4) адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
4-деректемеде зардап шеккен адамда алкогольдік немесе есірткілік масаңдықтың белгілері: жеңіл (1), орташа (2), ауыр (3) көрсетіледі.
5-деректемеде медициналық көмек көрсетілу жағдайы (түрі) көрсетіледі: амбулаторлық, стационарлық.
6-деректемеде көрсетілген медициналық көмектің көлемі көрсетіледі: алғашқы медициналық көмек көрсетілді (1), ауруханаға жатқызылды (2), ауруханаға жатудан бас тартты (3), медициналық көмектен бас тартты (4).
7-деректемеде зардап шеккен адамның медициналық мекемеге келіп түскен күні: «__» __________20__жылы көрсетіледі.
8-деректемеде зардап шеккен адам жағдайының ауырлық деңгейі көрсетіледі: жеңіл (1), орташа (2), ауыр (3).

27 27. Электронды АЕҚ-на жыртылмалы талонның мәліметтерін ҚСжАЕКБ қызметкері енгізеді.

5 5. № ЖКО-1 АЕҚ және ЖКО-2 АЕҚ жүргізу және есепке алу

28 28. Жол полициясы немесе аудандық ішкі істер органы қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін, 3 тәулік ішінде ҚСжАЕКБ-ға (ҚСжАЕКБ топтарына) АЕҚ-ын қағаз түрінде жолдайды.

Жол полициясы немесе ІІО қызметкерлерінде ББСЖ автоматтандырылған жұмыс орны болған жағдайда орталықтандырылған деректер банкінде online режимінде көрінетін электронды № ЖКО-1 және № ЖКО-2 АЕҚ нысандарын толтырады.

29 29. Жол полициясы органдарының қызметкерлері ЖКО-дан жарақат алғандар және қаза болғандар туралы мәліметтерді медициналық мекемелермен әр айдың 28-жұлдызында ҚСжАЕКБ-ға ұсынылатын нысан бойынша салыстыру актісін құрай отырып (5-қосымшаға сәйкес) салыстырып тексеруді ұйымдастырады.

30 30. АЕҚ-ға жол полициясы органының лауазымды тұлғасы қол қойғаннан кейін өзгертулер енгізуге тыйым салынады.

31 31. Егер АЕҚ және ББСЖ деректемелеріне түзету енгізу қажет болса, жол полициясы органы қате табылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ҚСжАЕБ-на келесі негіздер бойынша тиісті АЕҚ-на өзгерістер енгізу туралы сұрауды жолдайды:

мониторинг нәтижесі бойынша ҚСжАЕБ ақпараты бойынша, деректердің дұрыс еместігі расталған жағдайда;
егер жарақаттанған адам қаза болғандар санатына ауыстырылса;
медициналық ұйымдармен салыстыру жүргізген кезде басқа да жарақаттанғандар анықталғанда және ЖКО орнынан жасырынған адамдарды анықтаған жағдайда.

32 32. Егер осы түзету салдарынан бұрынғы есептік кезеңдерде бұрмалаушылықтар пайда болса, ҚСжАЕКБ есептілікке түзетулер енгізу туралы қажетті құжаттар 24 сағаттан кешіктірілмей ҚСжАЕК-не жолданады.

6 6. Есепті құрастыру

33 33. Есеп 1 бөлімнен тұрады және АЕҚ негізінде қалыптастырылады, деректемелері оның көрсеткіштерімен бірегей болып келеді және адамдардың жарақаттануын немесе қаза болуын туындатқан ЖКО туралы төмендегідей ақпаратты бейнелейді:

А жолында атауы және Б жолында аймақтардың кодтары бейнеленеді;
1-бағанда барлық ЖКО саны, соның ішінде: 2-бағанда есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен кезеңде тіркелген ЖКО саны көрсетіледі;
3-бағанда ЖКО салдарынан зардап шеккен адамдар саны, 4-бағанда есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен кезеңдерде зардап шеккен адамдар көрсетіледі;
5-бағанда жарақаттанғандардың жалпы саны қойылып, 6-бағанда ауруханаға орналастырғандар, 7-бағанда ер адамдар, 8-әйел адамдар, 9-кәмелетке толмағандар көрсетіледі;
10-бағанда қаза болғандардың жалпы саны көрсетіледі, солардың ішінен 11, 12, 13 бағандарда ер адамдардың, әйел адамдардың және кәмелетке толмағандардың саны бейнеленеді.

7 7. Есептерді ұсыну мерзімдері

34 34. Есеп ай сайын өсу қорытындысымен құрастырылып, ҚСжАЕБ және уәкілетті орган бастықтары қол қойғаннан кейін ҚСжАЕК-не келесі есептік кезеңдегі айдың 3 күні ұсынылады.

35 Жол-көлік оқиғаларында қайтыс болған және жараланғандар туралы мәліметтерді салыстыру актісі 201_ жылғы «__» ________ № ____ «__» ___________ бастап «__» _____________ дейін (салыстыратын кезең)

35. ҚСжАЕК Республика бойынша жинақталған есепті құрайды, оған ҚСжАЕК Төрағасы немесе оны ауыстыратын лауазымды тұлға қол қояды және  ол жинақталған есеп келесі есептік кезеңдегі айдың 8 күні Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына ұсынады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне жолдайды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438
бірлескен бұйрығына 5-қосымша
Жол-көлік оқиғаларында қайтыс болған және жараланғандар туралы мәліметтерді салыстыру актісі 201_ жылғы «__» ________ № ____ «__» ___________ бастап «__» _____________ дейін (салыстыратын кезең)

р/с
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ға түс­кен кү­ні
За­рдап шек­кен­нің те­гі, аты-жө­ні, ту­ған жы­лы
Тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
ЖКО жа­сал­ған кү­ні, ор­ны, қы­сқа­ша фа­бу­ла­сы
Жа­ра­қат си­па­ты, жа­ра­қат ауыр­лы­ғы­ның дә­ре­же­сі
ЖКО-да за­рдап шек­кен адам­дар­дың мас күй­ін­де болға­ны, не бол­ма­ға­ны
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның қа­был­дау бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек ауқы­мы (одан әрі гос­пи­та­ли­за­ци­я­лау­сыз және ем­ха­на­лық ем­деу та­ғай­ын­да­у­сыз)
Ем­ха­на­лық ем­деу та­ғай­ын­дал­ды
Ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зыл­ды
Ал­ған дене жа­ра­қат­та­ры­нан ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да қай­тыс бол­ды, кү­ні (қа­был­дау бө­лі­мін­де неме­се бө­лім­ше­де, көр­се­тіл­сін)
Бас­қа ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ға жі­бе­ріл­ді (ұй­ым ата­уы, кү­ні)
Медициналық ұйым өкілі                                 М.О.
________________________________________________    _________________
(Тегі, аты-жөні, лауазымы, медициналық                  (қолы)
ұйым атауы, мекенжайы, байланыс телефондары)
Жол полициясының лауазымды адамы                         М.О.
____________________________________________  ___   _________________
(Тегі, аты-жөні, лауазымы, жол полициясы                (қолы)
бөлінісінің атауы, мекенжайы, байланыс телефондары)

Қолданыстағы