Об определении мест расположения агитационных печатных материалов по городу Атырау для кандидатов Атырауского городского Маслихата по избирательным округам № 1 и № 14
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест расположения агитационных печатных материалов по городу Атырау для кандидатов Атырауского городского Маслихата по избирательным округам № 1 и № 14
- Атауы (қаз.)
- Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 217
- Қабылданған күні
- 06.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2013 71678_142804.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TA002709
- ЭКБ идентификаторы
- 71678
- Редакция идентификаторы
- 71678_142804
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:31
0 Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Атырау қаласы бойынша Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының жетекшісі Б. Құсниевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) А. Ғали
06.03.2013 ж.
4 Қалалық әкiмдіктің
2013 жылғы 06 наурыздағы
№ 217 қаулысына қосымша
Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 1 және № 14 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Орналасқан жері
1
"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы аялдама маңындағы тұғырлық
2
Ақсай селолық округі, Уәлиев көшесінде орналасқан Ақжар дәрігерлік амбулаториясы маңындағы стенд
3
Геолог селолық округі, № 65 а мекен-жайындағы кітапхана ғимараты маңындағы стенд
4
Қайыршақты селолық округі, Колхоз көшесі, № 2 мекен-жайындағы "Іңкар" дүкені маңындағы стенд