Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Березовка в створе земельных участков № 1 и № 2, расположенных в 8,4 км северо-западнее села Путинцево и в районе села Бобровка района Алтай Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Березовка в створе земельных участков № 1 и № 2, расположенных в 8,4 км северо-западнее села Путинцево и в районе села Бобровка района Алтай Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Путинцево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,4 км және Бобровка ауылы аумағында орналасқан № 1 және № 2 жер учаскелерінің тұстамасындағы Березовка өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 465
- Қабылданған күні
- 24.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2020 150698_501745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0008059
- ЭКБ идентификаторы
- 150698
- Редакция идентификаторы
- 150698_501745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:40
0 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Путинцево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,4 км және Бобровка ауылы аумағында орналасқан № 1 және № 2 жер учаскелерінің тұстамасындағы Березовка өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Путинцево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,4 км орналасқан № 1 жер учаскесінің (есептік кварталы 05-070-013) және Бобровка ауылы аумағында орналасқан № 2 жер учаскесінің (есептік кварталы 05-070-033) тұстамасындағы Березовка өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Путинцево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,4 км орналасқан № 1 жер учаскенің (есептік кварталы 05-070-013) және Бобровка ауылы аумағында орналасқан № 2 жер учаскесінің (есептік кварталы 05-070-033) тұстамасындағы Березовка өзенінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Алтай ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы «___»_______________
11 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Путинцево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,4 км орналасқан № 1 жер учаскесінің (есептік кварталы 05-070-013) және Бобровка ауылы аумағында орналасқан № 2 жер учаскесінің (есептік кварталы 05-070-033) тұстамасындағы Березовка өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 465 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Путинцево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,4 км орналасқан № 1 жер учаскесінің (есептік кварталы 05-070-013) және Бобровка ауылы аумағында орналасқан № 2 жер учаскесінің (есептік кварталы 05-070-033) тұстамасындағы Березовка өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймақтары
Су қорғау белдеулері
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
№ 1 учаске
Алтай ауданы Березовка өзені (есептік кварталы 05-070-013), Путинцево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,4 км
0,768
13,4020
113-274
0,768
2,6870
35
№ 2 учаске
Алтай ауданы Березовка өзені (есептік кварталы 05-070-033), Бобровка ауылы аумағында
1,363
50,2727
346-522
1,363
4,7265
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.