Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Кызылагаш и его притоков родников № 1, № 2, № 3 в створе земельных участков на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Кызылагаш и его притоков родников № 1, № 2, № 3 в створе земельных участков на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы жер учаскелерінің тұстамасындағы Қызылағаш бұлағы және оның салалары № 1, № 2, № 3 бастауларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 03.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2021 153393_513541.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0008441
- ЭКБ идентификаторы
- 153393
- Редакция идентификаторы
- 153393_513541
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:22
0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы жер учаскелерінің тұстамасындағы Қызылағаш бұлағы және оның салалары № 1, № 2, № 3 бастауларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану
режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскелерінің тұстамасындағы Қызылағаш бұлағы және оның салалары № 1, № 2, № 3 бастауларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскелерінің тұстамасындағы Қызылағаш бұлағы және оның салалары №1, №2, №3 бастауларының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________
10 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскелерінің тұстамасындағы Қызылағаш бұлағы және оның салалары № 1, № 2, № 3 бастауларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 3 наурыздағы
№ 48 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскелерінің тұстамасындағы Қызылағаш бұлағы және оның салалары № 1, № 2, № 3 бастауларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Қызылағаш бұлағы
оң жағалау
сол жағалау
2,71
3,14
292,3
293,5
500
500
3,16
4,92
16,4
25,4
50
50
№ 1 бастау
оң жағалау
сол жағалау
2,12
2,06
10,0
10,3
50
50
№ 2 бастау
оң жағалау
сол жағалау
2,05
2,08
10,0
10,3
50
50
№ 3 бастау
оң жағалау
сол жағалау
1,87
65,5
500
0,85
0,84
4,0
4,0
50
50
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілгенжобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.