Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в депутаты районного маслихата на территории избирательного округа № 10 Мамлютского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в депутаты районного маслихата на территории избирательного округа № 10 Мамлютского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының № 10 сайлау округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутатына үмiткерлердiң сайлаушылармен кездесулерiн өткiзу үшiн үй-жайларды беру және үгiттiк басылым материалдарын орналастыру орындарын белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 309
- Қабылданған күні
- 11.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2015 AI83213_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SJ002936
- ЭКБ идентификаторы
- 83213
- Редакция идентификаторы
- AI83213_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:37
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының № 10 сайлау округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутатына үмiткерлердiң сайлаушылармен кездесулерiн өткiзу үшiн үй-жайларды беру және үгiттiк басылым материалдарын орналастыру орындарын белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мамлют аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге (келісім бойынша) аудандық мәслихаттың депутатына барлық үміткерлер үшін № 10 сайлау округі аумағында үгiттiк басылым материалдарын орналастыру орны болып, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы (орталық бөлік) мекенжайы бойынша орналасқан «Сказка» дүкенінің ғимараты жанындағы тақта белгiленсiн.
2. Аудандық мәслихаттың депутатына барлық үмiткерлердiң сайлаушылармен № 10 сайлау округі аумағында кездесулер өткiзу үшiн шартты негізде Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы (орталық бөлік), Ленина көшесі, 47, мекенжайы бойынша орналасқан мәдениет Үйінің акт залы ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы Қ.С. Сарбалиновқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Мамлют аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
В. В. Целуйко
11 қыркүйек 2014 жыл