Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О ходе выполнения Постановления Правительства "О дополнительных мерах по укреплению общественного порядка и повышению роли участковых уполномоченных органов внутренних дел в предупреждении и профилактике правонарушений" и решения акима области № 11-430 по этому вопросу

Өзге акт · № 4-28 · қабылданған 11.05.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-11-430/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О ходе выполнения Постановления Правительства "О дополнительных мерах по укреплению общественного порядка и повышению роли участковых уполномоченных органов внутренних дел в предупреждении и профилактике правонарушений" и решения акима области № 11-430 по этому вопросу Күшін жойған 11.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О ходе выполнения Постановления Правительства "О дополнительных мерах по укреплению общественного порядка и повышению роли участковых уполномоченных органов внутренних дел в предупреждении и профилактике правонарушений" и решения акима области № 11-430 по этому вопросу

Күшін жойған Өзге акт № 4-28 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ходе выполнения Постановления Правительства "О дополнительных мерах по укреплению общественного порядка и повышению роли участковых уполномоченных органов внутренних дел в предупреждении и профилактике правонарушений" и решения акима области № 11-430 по этому вопросу
Атауы (қаз.)
"Қоғамдық тәртіпті нығайту және тәртіп бұзушылықты болдырмаудың алдын алуда ішкі істер органдары учаскелік уәкілдерінің рөлін көтеруге арналған қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының және осы мәселе бойынша N 11-430 облыс Әкімі шешімінің орындалу барысы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-28
Қабылданған күні
11.05.2000
Көрсетілген редакция
11.05.2000 7210_280950.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00D000205_
ЭКБ идентификаторы
7210
Редакция идентификаторы
7210_280950
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Қоғамдық тәртіпті нығайту және тәртіп бұзушылықты болдырмаудың алдын алуда ішкі істер органдары учаскелік уәкілдерінің рөлін көтеруге арналған қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының және осы мәселе бойынша N 11-430 облыс Әкімі шешімінің орындалу барысы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 03.07.2004 № 7-60а шешімімен.
Алматы облыстық Мәслихат "Қоғамдық тәртіпті нығайту және тәртіп бұзушылықты болдырмаудың алдын алуда ішкі істер органдары учаскелік уәкілдерінің рөлін арттыруға арналған қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының және осы мәселе бойынша N 11-430 облыс Әкімі шешімінің орындалу барысы туралы баяндаманы тыңдап, талқылай келе, облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайтуда белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қылмыспен күресті күшейтуде, бұзақылықпен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және басқа да қоғамға жат құбылыстармен күресуде жетекші рөлді учаскелік полиция инспекторлары атқарады.
Атқарушы органдардың қолдауымен учаскелік полиция инспекторларының тәртіп бұзушылықты болдырмаудың алдын-алу шараларын дұрыс ұйымдастыруларының нәтижесінде облыста жалпы қылмыстық тұрақты тенденциясының - 4,2% төмендегіні байқалды, соның ішінде адам тонау 19,8%, қарақшылық шабуыл 23,9%, бөтен адамдардың мүлкін ұрлау - 12,8% азайды. Бұрын сотталып, қайта қылмыс жасаушылардың да қылмыстары 15,2%, мас күйінде қылмыс жасағандар 2,1 есеге, жасөспірімдер қылмысы 45,5% төмендеді. Қылмысты ашу жолында учаскелік полиция инспекторларының жұмысы біршама алға басуда. Осы жылғы үш ай ішінде, ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерінің жеке түрде іздестірулерінің арқасында барлығы 1472 қылмыс ашылды. Соның ішінде учаскелік полиция инспекторларының жеке іздестіру арқылы 630 қылмыс ашылды, немесе барлық қызметкерлермен ашылған қылмыстың 42,8% құрайды. Ал, Балқаш, Жамбыл, Алакөл, Ескелді, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында учаскелік полиция инспекторлары әрбір екінші қылмысты ашуда. Бұл, орайда, құқықтық тәртіпті нығайту мәселесі, Үкіметтің қаулысының орындалуы барысы аудандық мәслихатта, қала-аудандық әкімінің алқасында, жиналыс-жиындарда, қоғамдық құрылымдар отырыстарында қаралды.
Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында, облыс бойынша 586 тұрғындар жиыны өткізілді, учаскелік полиция инспекторлары халық алдында жұмыстарының қорытындысын және алдағы уақытта қылмыспен күресу жолдарын айқындайтын 479 есептік баяндамалар жасады.
Облыс аумағында 2423 адамнан тұратын 540 қоғамдық жасақ құрылымдары және 203 штаттан тыс полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бұлардың көмегімен, үстіміздегі жылдың 3 ай ішінде, 3480 заң бұзушы адамдар ұсталған.
Үгіт-насихат жұмыстары жандануда, учаскелік инспекторлар есеп беру мерзімі арасында радиодан 206 рет, теледидардан 130 рет сөйледі және 362 мақала әр-түрлі газет беттерінде жарияланды.
Сонымен қатар, облыс көлемінде оперативтік жағдай әлі қиын, қасақана кісі өлтіру саны азаяр емес. Облыс аумағында ішкі істер органдарының тірек пункттерінде қылмыс жасауға бейімді 20 мыңнан адам есепте тұрады. Қанпезерлер және бұрын сотталғандар саны азаймауда.
Ең көп қылмыс тіркелген аудандар - Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары және Қапшағай, Талдықорған қалалары болып есептеледі.
Қала, аудан әкімдерінің, учаскелік инспекторларға беріп жатқан көмектері көңілден шықпайды. Үкіметтің қаулысында көрсетілген талаптар Қаратал, Балқаш, Қарасай аудандарында, Талдықорған, Қапшағай қалаларында орындалмай отыр.
Қаратал ауданында 12 учаскелік инспекторлардың біреуі де автокөлікпен қамтамасыз етілмеген, 8 тірек пункттерінің 4-де ғана телефон байланысы бар, оның өзі жергілікті әкімдері арқылы жалғасқан. Үштөбе қаласында 5 қабатты бос үйде орналасқан N 2 тірек пунктінде екі жылдан бері жылу, электроэнергия, телефон байланысы мүлде жоқ.
Балқаш ауданының барлық тірек пункттері күрделі жөндеуді қажет етеді, бұл жерлерде қыста от жағылмайды, кабинеттердегі жићаздар ескірген, қызмет бабында қолдануға жарамайды. Қарасай ауданына, Қапшағай қаласына жергілікті басшы органдардан ешқандай көмек жоқ.
Облыс бойынша қала, аудан әкімдері тарапынан учаскелік инспекторларға әлеуметтік хал-жағдайларына байланысты қажетті мәселелер толық шешілмеген. 366 учаскелік инспекторлардың 70-і тұрғын үйімен қамтамасыз етілмеген.
Талғар ауданы бойынша 26 учаскелік инспектордың 20-ның тұрғын үй мәселесі шешілмеген.
Тұрғын үйі жоқтығының салдарынан 29,2% учаскелік полиция инспекторлары өзі қызмет ететін аумақта тұрмайды. Ал қызметтік телефон жүйесінің жоқтығы 27,6%, пәтердегі телефон жоқтығы 55,5%, қызметтегі автокөліктің жоқтығы - 92,9% құрайды.
Жоғарыда көрсетілгендерді негізгі ала отырып, облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жұмыс сапасын арттыру, қылмыспен күресу мақсатында Алматы облыстық Мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қазақстан Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресудің системасын жетілдіру шаралары туралы" Жарлығына сәйкес аудан, қала Әкімдеріне ұсынылсын:

- тәртіпті сақтауда әсіресе оперативтік қиын региондарға баса көңіл бөліне отырып жергілікті атқарушы органдардың рөлін көтеру;
- рецидивті қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті жерлерде қамау орындарынан оралып келген, бұрын сотталған азаматтардың әлеуметтік жағдайын шешу;
- жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу, маскүнемдікпен және нашақорлықпен күресу жолындағы регионалдық бағдарламаны іске асыруы.

2. Облыстық ішкі істер басқармасына ұсынылсын:

- "Қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын-алуда ішкі істер органдары учаскелік уәкілдерінің рөлін көтеруге арналған қосымша шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының және осы мәселе бойынша облыс Әкімі шешімін орындауға арналған нақты шаралар көру облыс көлемінде оперативтік жағдайының тұрақтандыруы;
- құқық бұзушылықтың алдын-алу және тәртіп сақтауда нығайту жолында лауазымды қызметкерлердің жеке басының жауапкершілігіне арттыру;
- Учаскелік полиция инспекторларының қосымша берілген штаттарын білікті кадрлармен, ауыл тұрғындарының жиынының ұсынысымен адамгершілігі мол, алдыңғы қатардағы ауыл жастармен толықтыру;
- бекітілген әкімшілік көлемінде учаскелік уәкілдерді негізгі жұмысына жанаспайтын басқа жұмыстарға пайдалануға жол бермеу.

3. Аудандар және қалалар әкімдеріне ұсынылсын:

- бюджетте қаралған жергілікті тәртіп сақтау орындарын ұстауға
арналған қаржы көлемінде ішкі істер органдарындағы учаскелік уәкілдердің
санын нормаға жеткізу;
- қоғамдық тәртіпті қорғауға атсалысып жүрген қоғамдық
бірлестіктердің жұмысына жан-жақты көмек көрсету, жұмыс жүргізуіне жағдай туғызу;
- учаскелік полиция инспекторларының әлеуметтік,
материалдық-техникалық проблемаларын мүмкіншілікке орай шешу аудан, қала әкімдеріне ұсынылсын.
Атап айтқанда:
қызмет атқарып жүрген жерінде тұрғын үй бөлу;
қызмет орнына, үйлеріне телефон жүйесін орнату;
аға учаскелік полиция инспекторына автокөлік бөлу;
учаскелік полиция тірек пункттерін жөндеуге қаржы бөлу;
учаскелік полиция инспекторлармен бірге, ауылдағы қылмыстықтың
жағдайы, қылмыстың алдын-алуға, қылмыстың ашылуы жағдайы туралы ауылдық әкімнің ауыл тұрғындары жиналысында есеп беруі тәжірибеге айналдырылсын.
Осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар, тұрғындардың белсене қатынасуы қамтамасыз етілсін.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Облыстық Мәслихаттының

заңдылық және тәртіпті сақтау, депутаттардың өкілеттігі жөніндегі тұрақты
комиссияға (төраға Жақыпов Б.), облыстық ішкі істер басқармасына жүктелсін.