Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области № 115 от 14 апреля 2014 года "Об утверждении регламента государственной услуги"

Қаулы · № 231 · қабылданған 28.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-115-14-2014/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области № 115 от 14 апреля 2014 года "Об утверждении регламента государственной услуги" Күшін жойған Қаулы ·№ 231 ·28.08.2014
22.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области № 115 от 14 апреля 2014 года "Об утверждении регламента государственной услуги"

Күшін жойған Қаулы ·№ 231 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области № 115 от 14 апреля 2014 года "Об утверждении регламента государственной услуги"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
231
Қабылданған күні
28.08.2014
Қолданысқа енгізілген күні
27.10.2014
Көрсетілген редакция
22.10.2015 83433_159737.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14G0002333
ЭКБ идентификаторы
83433
Редакция идентификаторы
83433_159737
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:43

0 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 115 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне №2228 болып тiркелген, 2014 жылдың 3 маусымында № 84-85 (17941-17942) «Ақ жол» және № 58 (17931) «Знамя труда» газеттерiнде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 А. Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы көрсету барысында

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге
немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және
кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың
тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 4 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке
қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
А. Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы көрсету барысында
*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;
Б. Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету барысында
Шартты белгілер:

Қолданыстағы