О внесении изменений и дополнений в решение Иртышского районного маслихата № 124-28-5 от 13 марта 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Иртышского районного маслихата № 124-28-5 от 13 марта 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района"
- Атауы (қаз.)
- Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 124-28-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169-32-5
- Қабылданған күні
- 29.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2016 84473_83866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PG004167
- ЭКБ идентификаторы
- 84473
- Редакция идентификаторы
- 84473_83866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:09
0 Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 124-28-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 124-28-5 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешімнің кіріспе сөзбасында «11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 16-бабына» сөздер «11-, 16-баптарына» деген сөздерге ауыстырылсын;
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек деген өкілетті
органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар)
өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондайақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.»;
6-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні – қазан айының 2 жексенбісі;»;
Қағидаларға қосымша болып табылатын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері мен алушылар санатының Тізбесіне:
1-тармақта:
5) тармақшада:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«ең аз мөлшердегі зейнетақы тағайындалған зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар»;
«ең аз мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған сексен жастағы және одан асқан азаматтар;»;
6) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылар;»;
9) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жүктілігі бойынша уақытында есепке тұрған он екі аптаға дейін мерзімдегі жүкті әйелдер, барлық жүктілік мерзіміне;»;
2-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, өтініш негізінде, шығын сметасына және алушының мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес Жеңістің 70 - жылдығына тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге, бірақ 324 айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінен артық емес;»;
3-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Тізбенің 1- тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында, 9 АЕК дейін мөлшерінде, сондай-ақ ұсынылған жол жүру құжаттарына сәйкес медициналық мекемемен берілген жолдама негізінде, тексерілу және/немесе кеңес алу үшін тұрғылықты мекенжайынан Ертіс ауылына және/немесе Павлодар қаласына дейін және кері қайту жолына жол жүру шығындарын төлеуге; ».