О внесении изменений и дополнений в решение № 13 от 27.01.99 г. «Об образовании областной комиссии по делам семьи и женщин»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение № 13 от 27.01.99 г. «Об образовании областной комиссии по делам семьи и женщин»
- Атауы (қаз.)
- Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия құру және 1999 жылғы 27 қаңтардағы № 13 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 19.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 19.03.1999 5404_242366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z000201_
- ЭКБ идентификаторы
- 5404
- Редакция идентификаторы
- 5404_242366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:17
0 Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия құру және 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 13 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күшіжойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 01.08.2002 № 84 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 194 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының 1999 жылғы 5 наурыздағы И 17-19/50 хатына сәйкес, сондай-ақ отбасы және әйелдер істері жөнінде құрылған облыстық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында және оған жүктелген міндеттердің маңыздылығын ескеріп,
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
М. И. Құлшар - облыс әкімінің орынбасары, отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы
З. К. Мұхлисова - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, облыстық комиссия төрағасының орынбасары
2. Қала мен аудандардың әкімдеріне комиссия төрағалығына әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарын тағайындау ұсынылсын.
3. Облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның осы тіркеліп отырған ережесі бекітілсін.
4 Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Отбасы және әйелдер жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің
1999 жылы 19 наурыздағы
№ 52 шешімімен бекітілді
Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Отбасы
және әйелдер жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, әкімнің шешімі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлтық комиссиясының ұсынымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі кешенді облыстық бағдарламаларды қалыптастыру;
2) отбасы, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық қолдау жөніндегі өзге де ісшараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
3) халықтың денсаулық жағдайын, ана мен баланы қорғауды, отбасының тыныс-тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық шарттарын қайта өркендету процестеріне кешенді талдау жүргізу;
4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық әлеуметтік саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы мәселелері жөніндегі ақпараттық базаны қалыптастытуға қатысу;
5) әйелдердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарға өкілдігін кеңейтуге жәрдемдесу;
6) әйелдерді тарта отырып шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны іске асыруға қатысу;
7) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұйыстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;
8) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепке жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссияның құзыретіне мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
10) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектілерін неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
11) өз құзыретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтасу , сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу;
12) функциялары жөнінен, осындай төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.
3. Комиссияның өкілеттігі
4. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
1) өзінің отырысына әкімге тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тындауға;
2) белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар, материалдар және ақпарат сұратуға;
3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың жол берілген бұзылуы фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туарлы ұсыныс енгізуге;
4) белгіленген тәртіппен Комиссияның отырыстарын дайындауға, тексерулерге және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде қоғамдастықтың беделді және кәсіби даярланған өкілдерін тартуға;
5) функциялары бойынша осындай төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға;
6) әйелдердің арасынан кандидатураларын басшы лауызымдарға ұсынуға жәрдемдесуге;
7) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органға қоғамдық бірлестіктерге және өзге ұйымдарға статистикалық, талдаулық, әдістемелік және ақпараттық материалдар жолдауға құқылы;
8) Комиссия азаматтардың келіп түскен өтінімдерін қараудың, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларының қорытындысы бойынша, мәні бойынша шешім қабылдау ушін, тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына материалдар жолдай алады.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия өз қызметін осы ережеге сәйкес әкім бекіткен Ереженің негізінде жүзеге асырады.
6. Комиссияны, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасымен келісім бойынша, әкім тағайындайтын төраға басқарады.
Комиссия төрағасының орынбасар бола алады.
7. Комиссияға, әдетте, жергілікті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссиялардың сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім белгілейді.
8. Комиссиялардың отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
9. Комиссия шешімді Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса құқық күші бар болып саналады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.