О внесении дополнения в постановление акимата Бородулихинского района № 149 от 28 мая 2015 года «Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бородулихинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата Бородулихинского района № 149 от 28 мая 2015 года «Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бородулихинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 25.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2016 93966_285828.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VH004150
- ЭКБ идентификаторы
- 93966
- Редакция идентификаторы
- 93966_285828
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:35
0 «Бородулиха ауданының шалғайдағы
елді мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге
тасымалдаудың схемасы мен тәртібін
бекіту туралы» Бородулиха ауданы
әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 149 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3999 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 54 (563), «Пульс района» газетінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 54 (6882) жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 23 жолмен толықтырылсын:
«
23
Ивановка ауылы – Сосновка ауылы - «Березовка» подхозы - «Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алындағы алаң - 18 км
«Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – подхоз «Березовка» - Сосновка ауылы – Ивановка ауылы – 18 км
»