О внесении изменений и дополнений в решение № 156 от 26 ноября 2008 года XV сессии Карагандинского городского маслихата IV созыва "Об утверждении Правил содержания животных в городе Караганды"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение № 156 от 26 ноября 2008 года XV сессии Карагандинского городского маслихата IV созыва "Об утверждении Правил содержания животных в городе Караганды"
- Атауы (қаз.)
- IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XV сессиясының 2008 жылғы 26 қарашадағы "Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" № 156 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 29.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2012 46394_179932.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KA000093
- ЭКБ идентификаторы
- 46394
- Редакция идентификаторы
- 46394_179932
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:11
0 IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XV сессиясының 2008 жылғы 26 қарашадағы "Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" N 156 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағы 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-1-81 болып тіркелген, "Взгляд на события" газетінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда N 134 (463) жарияланған IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XV сессиясының 2008 жылғы 26 қарашадағы "Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" N 156 шешіміне (әрі қарай - Шешім) төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Шешімінің кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын;
2 2) орыс тілінде Шешімінің 2 тармағындағы "решения" сөзі "решение" сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілде Шешімнің мәтіні өзгермейді;
3 3) Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесінің (әрі қарай - Ереже) 1 тармағындағы "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын;
4 4) мемлекеттік тілде Ереженің 2 тармағының:
1 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) ауыл шаруашылығы жануарлары – ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар адамдар өсіретін жануарлардың барлық түрлері;";
7 тармақшасы алып тасталсын;
8 тармақшасы алып тасталсын;
11 тармақшасындағы "жыртқыш және улы:", "жәндіктер және" сөздері алып тасталсын;
19 тармақшасы алып тасталсын;
23 тармақшасы алып тасталсын;
24 тармақшасы алып тасталсын;
5 5) орыс тілінде Ереженің 2 тармағының:
21 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"21) сельскохозяйственные животные - культивируемые человеком все виды животных, имеющих непосредственное отношение к сельскохозяйственному производству;";
24 тармақшасындағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын;
25 тармақшасы алып тасталсын;
9 тармақшасы алып тасталсын;
13 тармақшасындағы "хищные и ядовитые:", "насекомые и" сөздері алып тасталсын;
15 тармақшасы алып тасталсын;
17 тармақшасы алып тасталсын;
23 тармақшасы алып тасталсын;
6 6) Ереженің 3 тармағы алып тасталсын;
7 7) Ереженің 4 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.";
8 8) Ереженің 5 тармағы алып тасталсын;
9 9) Ереженің 10 тармағы алып тасталсын;
10 10) Ереженің 11 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"11. Тіркелген жануарға оның барлық өмір сүру уақыты бойында сақталатын ветеринарлық төлқұжат ресімделеді және бірдейлендіру нөмірі беріледі. Жануарларды бірдейлендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";
11 11) Ереженің 13 тармағындағы бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"13. Жануарларын тіркеу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі мәліметтерді тапсырады:";
12 12) Ереженің 14 тармағы алып тасталсын;
13 13) Ереженің 22 тармағы алып тасталсын;
14 14) Ереженің 23 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"23. Қадағалаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау Қарағанды қаласының бағдарламалар әкімшілерімен ұйымдастырылады.";
15 15) Ереженің 24 тармағының:
1 тармақшасы алып тасталсын;
4 тармақшасы алып тасталсын;
5 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5) осы Ереженің 6, 8, 9 тарауларында көрсетілген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.";
16 16) Ереженің 25 тармағының 5 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5) ветеринария туралы заңнаманы бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады;";
17 17) Ереженің 28 тармағының:
4 тармақшасы алып тасталсын;
5 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5) жеке және заңды тұлғалар мысықтар мен иттер үшін паналау баспаналары мен питомниктерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастыруға;";
18 18) Ереженің 29 тармағының:
1 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) тұрғын үй қоры пәтерлерінде иттер мен мысықтар үшін паналау баспаналарын ұйымдастыруға;";
6 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"6) иттер мен мысықтардың терісін және етін сақтау, тұтыну, өңдеу мен сату мақсатында оларды аулауға, сатып алуға, ұстауға және өсіруге;";
19 19) Ереженің 37 тармағының 1 тармақшасындағы "39 тармағында" сөзі "38 тармағының 2, 3 тармақшаларында" сөздерімен ауыстырылсын;
20 20) Ереженің 7 тарауы алып тасталсын;
21 21) Ереженің 38 тармағындағы 4 тармақшасындағы, 43 тармақтың 3 тармақшасындағы "мас күйіндегі" сөзі "алкогольдік және есірткілік еліту жағдайындағы" сөзімен ауыстырылсын;
Ереженің 38 тармағының 4 тармақшасындағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын;
22 22) Ереженің 38 тармағындағы 5 тармақшасы алып тасталсын;
23 23) Ереженің 48 тармағы алып тасталсын;
24 24) орыс тілінде Ереженің 53 тармағындағы "уполномоченным государственным органом" сөзі "в области ветеринарии" сөзімен толықтырылсын;
мемлекеттік тілде Ереженің мәтіні өзгермейді.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
"Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы
Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж. Уәлиев
"Қарағанды қаласы ауыл шаруашылық
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ы. Сартбаев